Санчо «Боруссиядан» кетпейтін болды

11.08.2020, 05:08
Санчо үшін керемет ақша табатын мүмкіндік еді. Келесі жылы ойыншының трансферлік құны арзандайтын болады.
Санчо «Боруссиядан» кетпейтін болды

"Боруссия Дортмунд" клубының спорт директоры Михаэль Цорктың айтуынша, жартылай қорғаушы Джейдон Санчо алдағы маусымда Германия клубында ойнауын жалғастырады.

«Санчо біздің жоспарымызға кіреді. Келесі маусымда ол біз үшін ойнайды. Бұл түпкілікті шешім. Менің ойымша, мұны осы тақырып бойынша барлық сұрақтарға жауап деп санауға болады», - деді Цорк The Independent басылымына берген сұхбатында.

Бұған дейін Санчоны алғысы келетін жалғыз клуб «Манчестер Юнайтед» екені хабарланған болатын. Сондай-ақ, 20 жастағы ағылшын азаматының отанына оралғысы келетіндігі туралы да ақпарат болды.

Санчо - "Манчестер Сити" клубының түлегі. 2017 жылдың жазында «Боруссия» ойыншыны "қалалықтардан" 7,84 миллион еуроға сатып алды, 2019/2020 маусымда Джейдон клуб үшін 44 матчта 20 гол соғып, 20 голдық пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×