Блез Матюиди Бэкхемнің командасына ауысады

11.08.2020, 05:22
Пирлоның қол астында өзін сынап көрсе болатын еді.
Блез Матюиди Бэкхемнің командасына ауысады

33 жастағы «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Блез Матюиди «Интер Майамиге» ауысады, деп хабарлайды Sky Sport Italia.

Дереккөздің хабарлауынша, тараптар келісімге қол жеткізген және Матюиди бүгін, 10 тамызда Америкалық клуб үшін медициналық тексерістен өтеді.

2020 жылы ақпанда «Ювентус» басшылығы Матюидимен келісімшартты автоматты түрде ұзарту нұсқасын іске қосқан болатын, сондықтан оның клубпен келісім-шарты 2021 жылдың жазында ғана аяқталады.

Өткен маусымда 33 жастағы жартылай қорғаушы «Ювентус» сапында барлық турнирлерде 46 кездесу өткізіп, бір ғана гол соғып, екі нәтижелі пастың авторы атанды.

Ол 2017 жылы тамызда «ПСЖ» клубынан 20 миллион еуроға ауысып келген болатын, содан бері ол үш рет Италия чемпионы атанды, сонымен қатар Италия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×