«Ордабасы» Еуропа лигасындағы алғашқы матчын басқа елде өткізуі мүмкін

11.08.2020, 05:39
Ең болмағанда Қазақстанда өткізуіміз керек.
«Ордабасы» Еуропа лигасындағы алғашқы матчын басқа елде өткізуі мүмкін

Еуропа лигасының бірінші кезеңінің аясындағы "Ордабасы" - "Ботошани" матчы Қазақстанда емес, бейтарап алаңда өтуі мүмкін, деп хабарлады Румыниялық клубтың бас бапкері Мариус Кройтору Digisport.ro сайтына берген сұхбатында.

Бас бапкер атап өткендей, коронавирустың жағдайына байланысты Румыния Қазақстанның қызыл тізіміне енгізілген, яғни клуб Шымкент қаласына келе алмайды.

"Бір ғана кедергі - бұл сапар. Бізге, Румынияға Қазақстанға кіруге тыйым салынды, біз қызыл тізімге ендік", - дейді Кроитору.

Мұндай жағдайда УЕФА хаттамасын енгізу керек. Егер УЕФА келіссе, олар бізге келуі мүмкін. Егер рұқсатын бермесе, Греция, Венгрия немесе Түркияда ойнау мүмкіндігін қарастырып көреді.

«Ордабасы» жақсы команда, олар «Астана» мен «Алматыдан» кейінгі үшінші орынды иеленді. Олар 3-4-3 схемасымен ойнайды, командада кезінде "Динамо Бухарестте" ойнаған Май Махлангу бар. Егер біз арнайы ұшақпен баратын болсақ, онда біз жолда жеті-сегіз сағатты өткіземіз.

Мен Қазақстанда «Атырау» клубында ойнадым, мен бұл елді және оның футболын жақсы білемін. Мен қорықпаймын, біз жеңеміз. Барлығы бір матчта анықталады, бізде жеңілетін ештеңе жоқ. Егер екі ойын болса, бұл жолдың кесірінен қиын болар еді, бірақ бұл жағдай да жанкүйерлердің мәселесі сияқты енді ескерілмейді», - деді Кройтору.

"Ордабасы" - "Ботошани" арасындағы матч 27 тамызда көрерменсіз өтеді - қазақстандық клуб алаң қожайыны болып саналады. Қажет болса, қосымша уақыт тағайындалады және пенальти сериясын да көруіміз мүмкін. Еуропа Лигасының квалификациясындағы ойындар коронавирусқа байланысты бейтарап алаңда өтуі де мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×