Болжам. «Лейпциг» - ПСЖ

Чемпиондар лигасының алғашқы финалисін анықтаймыз.
Болжам. «Лейпциг» - ПСЖ

Крис Берк, корреспондент:

- ПСЖ көп жылдар бойы армандаған кубогына жақындады. Өткен жолғы жеңістен кейін олар жеңістің дәмін сезінді. Нағыз үш ноян секілді, "бәріміз біріміз үшін" деген ұранды алған. Команда толығымен бір-бірін қолдайтын ойыншылардан құралған. Мбаппе жарақатынан айықты, бүгін негізгі құрамда шығады. Ол аз десеңіз сары қағаздарының жазасын өтеп Ди Мария келе жатыр. Ол да бүгінгі матчта ойнайтыны анық. "Аталантаны" жеңгеннен кейін жанкүйерлер ПСЖның мінезді, тайсалмас, тәжірибиелі командаға айналғанын айтып жатыр. Расымен солай секілді.

Юлиан Нагельсман, РБ "Лейпциг" бас бапкері:

- Маусым қайта жанданғалы бері біз дені-сау футбол ойнай алмай жүрдік. Сондықтан да, футболшылардың тәбеті ұрып тұр. Біз аш командамыз. Жеңістер қажет. Бірақ, бүгін Неймар мен Мбаппе секілді ойыншыларға қарсы ойнау қиын болатын секілді. Бірақ, біз қысым көрсетсек, олар қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Екі команда да гол салуға ұмтылса футбол қызық бола түседі.

Томас Тухель, ПСЖ бас бапкері:

- Біз бұл жерге бекерден бекер жетккен жоқпыз. Маусым бойы жақсы ойнадық, еңбектендік, тер төктік. Әр матчқа тыңғылықты дайындалып шығып жүрміз. Бірақ, қазір өткен ойындарды емес, алдағы матчтарды ойлаған жөн. Бізге жеңіс қана қажет. Жасаған еңбегіміз өз жемісін берсе екен деп тілеп отырмыз. "Лейпциг" қақпамыздың алдына келіп прессинг жасайтын әдеті бар команда. Ештеңеден қорықпайтын, жастардан құралған мықты команда. "Аталанта" секілді десем де болады. Олардың өзіндік мәнері бар. Ал біздің ойын үлгіміз сәл басқаша.

Мәліметтер:

РБ "Лейпциг" пен ПСЖның жартылай финалда кездесуі биылғы Чемпиондар лигасында бір жаңа финалис пайда болатынын білдіреді. Екеуі де бұрын-соңды финалға шығып көрмеген. Финал былай тұрсын, "Лейпциг" Чемпиондар лигасына биыл небәрі екінші рет қана қатысып отыр. Ал ПСЖ плэй-офф сатысына жылда шығып жүрсе де, финалға шықпағанына 25 жыл болған.

Екеуі УЕФА турнирлері аясында мүлде кездеспеген. 2014 жылы жолдастық матч ойнапты. Ол кезде "Лейпциг" екінші бундеслигада ойнап жүрді. 4-2 есебімен франциялық команда жеңіске жетті. Немістер сапынан Юсуф Поульсен гол салса, ПСЖ тарапынан Маркиньос автогол салып алды.

"Лейпциг" финалға жолдама алатын болса, Германия клубтарының ішінде еурокубок финалына шыққан 7 команда болып тіркеледі. Ал дәл қазір ол Германияның жартылай финалға шыққан 9 клубы.

"Лейпциг" Чемпиондар лигасының плэй-офф сатысында керемет ойнайды. 7Ж, 1 Ұтылыс. 2018 жылы олар "Олимпик" Марсельден 1-0 жеңілген.

"Пари Сен-Жермен" өз тарихында екінші мәрте жартылай финалға жетіп отыр. Біріншісінде олар "Миланға" жеңіліп қалды. Бұл 1995 жыл еді.

Болжам:

ПСЖ шабуылы мықты. Ди Мария, Неймар, Мбаппе, Икарди секілді жігіттер кем дегенде 2 гол салады. Демек, ПСЖ тоталы 1,5 көп (1,65 кэф). Бұрыштамаларды да көп көтеретін командаларға жатады. Екеуінің бірі матч барысында жеңіліп жатса, қаптал арқылы қыса бастайды. Сол кезде бұрыштамалар көбейеді. Бұрыштамалар тоталы 9 көп (1,6 кэф)

Қызық дерек:

Юлиан Нагельсман футболшы болып жүріп ауыр жарақат алады. Ол кезде жас ойыншы "Аугсбург" клубының екінші командасында жүреді. Ал "Аугсбургты" тура сол жылы Томас Тухель баптаған. Сол Тухель Нагельсманды жұмысқа алып, қарсылас командалар жайлы мәлімет жинап, соларды зерттеу жұмысын тапсырады. Юлианның бапкерлік қызметі осылай басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.585
П2
2.232
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.405
Ничья
3.85
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.12
Ничья
3.805
П2
1.923
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.159
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×