Болжам. «Манчестер Сити» - «Лион»

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
15.08.2020, 19:40
Кеше берген болжамымыз бірінші таймда шығып кетті.
Болжам. «Манчестер Сити» - «Лион»

Хосеп Гуардиола:

- "Лион" жақсы команда. "Стандарттарды" жақсы ұйымдастырады. Қорғаныстан атып шығатын әдеті бар. Қарсыластың қақпасының маңына келгенде агрессивті прессинг жасайды. Біз оларға қарсы әбден дайындалдық. Жақсы жаттығулар өткізіп, кешке қарай вино іштік. Жалпы жағдайымыз жаман емес. Екі ойыннан тұратын теке тіресте үнемі екінші ойын жайлы ойлайсың. Ал мұнда екінші кездесу жоқ. Бар күшті осы ойынға саламыз. Футболдың өзі шешсін, кімнің жартылай финалға лайық екенін.

Руди Гарсия:

- Жартылай финалда екі бірдей франциялық команда болса қандай жарасымды, иә? Біз ПСЖ жасаған ерлікті жасауға дайынбыз. Екі матчтан тұратын теке тіресте сенсация жасау қиын. Ал бір ойында неше түрлі нәрсе жасакуға болады. Бұл біз үшін тамаша ғой. Біз "Ювентусты" жарыстан шығарып жібердік. Ендігі кезек "Ситиде". "Манчестер Сити" допты көп ұстайды. Ол оның қанында бар тактика. Доп оларға келгенде жылдам тартып алып, шабуылға шығамыз. Шабуыл өтінде жылдам әрі тез шешім қабылдауымыз қажет. Созылып жүріп алсақ, қиын болады.

Мәліметтер:

"Манчестер Сити" үшінші жыл қатарынан ширек финалға шығып отыр. Ал "Лион" соңғы 10 жылда бірінші рет.

Кім жеңсе де тарихында екінші рет жартылай финалға жолдама алады.

2018/19 жылғы маусымда екі команда бір топта болды. "Лион" Манчестерге келіп тұрып 2-1 жеңіске жетті. Годарды Максвел Корне мен Нәбіл Фекир салды.

Ал "Лионның" алаңындағы матчта есеп 2-2 болды.

"МанСити" Чемпиондар лигасындағы соңғы 12 матчта 34 гол салып тастады.

"Лион" 8 рет ширек финалға шығып, тек біреуінде ғана басым түскен.

2005 жылы олар ПСВмен ойын соңынан кейінгі пенальтиді жеңіп, жартылай финалға шыққан.

"Лион" ойыншысы Райан Шерки "Зенитке" қарсы матчта алаңға шығып, рекорд қойды. Ол Чемпиондар лигасында 16 жас, 102 күнде алаңға шыққан ең жас футболшы болып тіркелді. Оған дейін рекорд Селестин Бабаяроға тиесілі болатын.

"Лион" ағылшын клубтарымен өткізген соңғы 8 кездесуде 1 рет қана жеңілген.

"Лион" осыған дейін плэй-офф кезеңінде тек бір ғана ағылшын клубымен кездесіпті. Ол "Манчестер Юнайтед". Екі ойынның қорытындысы бойынша "МЮ" жеңіске жеткен. Бұл 2007 жыл еді.

Гуардиола "Барсаның" бапкері болып тұрған кезде "Лионды" жеңген. Бұл 2008/09 жылғы маусым еді.

Бұл Гуардиола үшін 10-ширек финал. Қатарынан.

"Лион" қорғаушысы Джейсон Денайер 2013 жылы, 18 жасында "Манчестер Ситиден" "Лионға" ауысты.

Таңертеңгі жаттығу кезінде "Лион" ойыншысы Уссем Ауар жарақат алып қалды. Бірақ, кейіннен жаттығуды қайта жалғасытырыпты. Футболшының денсаулығы әзірге белгісіз. Ауар "Лионның" ортадағы негізгі ойыншысы.

Болжам:

"Манчестер Сити" тоталы 2 көп. Тәуекелге барып 2,5 көп деп алуға болады. Алайда, "Бавариямен" ойнайтынын білетін ағылшындар, қатты терлемеуі де мүмкін. Бұрыштамалар саны 10 көп. "Лион" сары қағаздары 1,5 көп.

• Бір құрамада ойнайтындар:

Бернарду Силва, Жоау Канселу және Антони Лопеш (Португалия)

Эдерсон, Фернандиньо, Габриэл Жезус және Рафаэл (Бразилия)

Кевин де Брейне және Джейсон Денайер (Бельгия)

Бенжамен Менди және Лео Дюбуа (Франция)

2016 жылы "Селтик" "Ситимен" 3-3 тең түсті. Сол ойында "кельттердің" шабуылшысы Мұсса дембеле дубль жасады.

• Пенальти сериясы. "Лион"

2:4 ПСВ, Чемпиондар лигасы-2004/05, 1/4 финал

3:4 АПОЕЛ,Чемпиондар лигасы-2011/12, 1/8 финал

7:6 с "Бешикташ Еуропа лигасы-2016/17, 1/4 финал

• Пенальти сериясы. "Манчестер Сити"

4:2 "Митьюлланд", УЕФА кубогы-2008/09, екінші іріктеу кезеңі,

4:3 "Ольборг", УЕФА кубогы-2008/09, 1/8 финал

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×