Томас Мюллер: «Біз тіпті 2014 жылы да бразилиялықтарды бұлайша оңай жеңбегенбіз»

«Баварияның» шабуылшысы Томас Мюллер кешегі «Барселонамен» өткен жеңісті матчқа қатысты сөз сөйледі.

Томас Мюллер: «Біз тіпті 2014 жылы да бразилиялықтарды бұлайша оңай жеңбегенбіз»

"Біз тіпті 2014 жылғы Әлем Чемпионатындағы Бразилиямен матчта да ойын тағдырын бұлайша оп-оңай шешпедік. Кеше ерекше түн болды, ерекше нәтиже, ерекше ойын.

Алаңға алмасып шыққан ойыншылардың да ойынды бір қарқында ұстап есептің еселенуіне көмектескеніне қуаныштымын. Ең бастысы, алаңда өзімізді еркін ұстадық, ешкімге ешқандай шектеу қойылған жоқ.

Менің тағы бір тарихи матчтың қатысушысы болғаным керемет сезім, ал енді келесі кездесулерге дейін қалыпқа келуіміз керек"- деп жазады Goal.com Мюллердің сөзін.

Шыңғысхан Досмухамбетов

4 пікір

  1. Асылбек

    Асылбек

    16.08.2020 11:04

    РУДИ ГАРСИЯ: Ювентусти айырды.Ман Ситидин маскарасын шыгарды.Енди немис машинасын токтатады.Лион чемпион

  2. Айдар Абылкасымов

    Бұл жолы Баварияны ешкім тоқтата алмайды-ау..

  3. Тилеухан Нуржол

    Барселонаның жанкүйері емеспін, немістер мақтаншақ 2014те Бразилияны мазақ қылып жеңді, Сосын 2018де небір жұлдыздармен шықсада Кореядан масқара болып жеңілді, сондықтан алда бәрі болуы мүмкін,

  4. Алмат Қасымқұлов

    Өзіңе көп алма ? Өмір алма кезек не нәрсенің қайыры бар. Ертең Сити екі есе қылып қайтарып береді неміс