Ненад Эрич: «Жанкүйерлерді жеңіспен қуантуға тырысамыз»

15.08.2020, 19:25
«Астана» капитаны Ненад Эрич алдағы Чемпиондар лигасының «Динамо Брестке» қарсы ойынына дайындығы жайлы, мансабын қашан аяқтайтынын, Михал Билек және тағы басқалары туралы айтты.
Ненад Эрич: «Жанкүйерлерді жеңіспен қуантуға тырысамыз»

- Ненад, Чемпиондар лигасындағы «Астананың» алғашқы қарсыласы туралы айтып беріңізші?

- "Динамо Брест" - өте мықты қарсылас. Олардың Еурокубокте көп тәжірибесі болмаса да, оларды ешқашан бағаламауға болмайды. Олар Беларуссияның қазіргі чемпиондары, соңғы жылдардағы ең мықты клубтардың бірі. Бұған қоса, олардың ойын тәжірибесі бар, өйткені олар өз біріншілігінде матчтар өткізуде, ал біз наурыз айынан бері ресми матчтарда ойнаған жоқпыз. Алайда біз олардың мықты жақтарын бейтараптандыруға тырысамыз және жанкүйерлерімізді осындай қиын уақытта жеңіспен қуантамыз.

- Сіз бес айға жуық ресми матч өткізбегендігіңізді ескере отырып, сәттілік жолдас болады деп ойлайсыз ба?

- Әрқашан мүмкіндіктер бар. Ресми матчтардың болмауына қарамастан, біз нәтиже беретін футбол түрін көрсетуге тырысамыз.

- Пандемия жағдайы футболшы үшін қаншалықты қиын? Сіз бес айдың ішінде бірінші рет ресми матчқа қатысқалы отырсыз ба?

- Әрине, бұл өте қиын. Дегенмен, бүкіл әлем осындай жағдайға тап болды, біреу үшін карантин ертерек аяқталды, ал біреу үшін ол жалғасуда. Физикалық тұрғыдан емес, моральдық тұрғыдан да қиын соғуда, өйткені ешқандай жаттығу ресми матчтарды алмастыра алмайды, және барлығы футболды сағынды.

- Капитан ретінде сізге сұрақ: командадағы көңіл-күй қандай? Ұзақ уақыт жанұясын көрмеген және үйге ұшуға мүмкіндігі жоқ легионерлер үшін бұл қаншалықты қиын?

- Клуб бізге карантиндегі демалыс кезінде отбасымызға баруға мүмкіндік берді. Бұл біз үшін өте маңызды болды, өйткені оқу-жаттығу жиынымен бірге біз алты ай бойы жақындарымызды көрмедік - бұл қиын. Жақында бәрі жақсарады деп үміттенемін, және біз бәріміз отбасымызбен қауыша аламыз.

- Сіз команданың Алматыға келуін қалай қабылдадыңыз? Жаңа жерде жаттығу қаншалықты ыңғайлы?

- Өкінішке орай, Нұр-Сұлтанда жаттығуға байланысты қиындықтар туындады, өйткені «Астана Арена» әлі дайын емес. Сондықтан клуб басшылығы командаға үздіксіз жаттығу процесін жүргізу үшін Алматыға уақытша көшуді ұйғарды. Бұл өте маңызды, өйткені біздің алдымызда Чемпиондар Лигасынданы маңызды матчтар бар, және, алдымызға үлкен мақсаттар қойған Қазақстан чемпионатының басталуын күтіп отырмыз.

- Жаңа бас бапкер Михал Билекпен қалай жұмыс істеп жатырсыз?

- Әр бапкердің жаттығу барысы мен ойын құрылысына қатысты өзіндік көзқарасы бар. Біз Билектің Қазақстан құрамасында жұмыс істейтінін көрдік, сондықтан тез бейімделдік.

- Дмитрий Непогодовпен қарым-қатынасыңыз қандай? Ол командаға қосылған кезде сіз мазасыздандыңыз ба? Сыртынан қарағанда, ол ұлттық құрамадағы басты қақпашы екенін ескере отырып, бірінші нөмірге ие бола алатын сияқты көрінді ме?

- Бәсекелестік кез-келген футболшыға әрқашан пайдалы. Дмитрий - өте мықты қақпашы, бірақ "Астанада" әрдайым бәсекелестік болды. Менің міндетім - күн сайын жаттығуда жұмыс жасау, содан кейін кім мықты болса, сол ойнайды.

- Сіз мансабыңызды "Астанада" аяқтағыңыз келетінін бірнеше рет айттыңыз. Сіз Қазақстанда тұра бересіз бе?

- Әрине, мен мансабымды "Астанада" аяқтағым келетінін бірнеше рет айттым, өйткені бұл клуб маған көп нәрсе берді, екінші үйіме айналды. Алайда дәл қазір ойнау үшін өзімді моральдық және физикалық тұрғыдан жақсы сезінемін. Мен командаға пайдалы бола алатынымды сеземін, және қанша уақыт ойнайтынымды уақыт көрсетеді, бірақ менде әлі күш бар. Қазақстанға келетін болсақ, мен бұл жерде өзімді өте жайлы сезінемін, бірақ мансабымды аяқтағаннан кейін қайда тұратынымды дәл айтуға әлі дайын емеспін.

- Биыл чемпиондық титулды сақтау бұрынғыдан да қиын болып көрінеді. Команданың еуропалық жарыста және ішкі чемпионатта қандай мақсаттары бар?

- Шынында да, карантин ұзақ уақытқа созылғандықтан, биылғы чемпионат бұрынғыға қарағанда қысқа болады, және бұл қателіктің болуын азайтады. Қалай болғанда да, клуб алдында тек қана үлкен міндеттер тұр - чемпионат және еуропалық кубоктардың біріне кіру.

- Сонымен, біздің дәстүрлі сұрақ. Сіздің бала кезіңіздегі кумиріңіз кім еді? Қақпашылардың қайсысы сізге үлгі болды?

- Менің кумирім көп болды деп айта алмаймын. Маған кейбір қақпашылардың ойыны ұнады. Олардың арасында Франческо Тольдо мен Джанлуиджи Буффон бар еді.

- Сіздің сүйікті бес фильміңіз қандай?

- «Гладиатор», «Идентификация Борна», «Гнев», «11 друзей Оушена» және «Перевозчик»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×