Болжам. «Сельта» селт еткізеді, «Вердер» Бундеслигада қалады

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
27.06.2020, 09:33
27 шілде, сенбі күні қырғын матчтар бар.
Болжам. «Сельта» селт еткізеді, «Вердер» Бундеслигада қалады

"Сельта" - "Барселона"

"Сельта" негізі соңғы кездері мықты ойнап жүр. Турнирлік кестенің түбінен көтеріліп алды. Өткен турда жеңіс тойын тойлады. Бұл жолы өз алаңында шаршап жүрген "Барсамен" кездеседі. "Сельта" селт еткізуі мүмкін. Месси анаукүні 33-ке толды. Әріптестері тірі аңызға сый жасап, осы матчта жеңіс әперетін шығар. "Барселона" жеңеді дегенге букмекерлер 1,65 кэф беріп тұр. Тамаша ғой. Қойып көрейік! "Барса" ғой қанша дегенімен.

"Атлетико" Мадрид - "Алавес"

Диего Симионе кетсе бұл команда шашылып қалатын сияқты. Барлығы сол бапкердің арқасы болып көрінеді маған. Бірақ, шынын айтайын бұлардың ойыны маған ұнамайды. Осы турда аса қатты қиналмай "Алавесті" жеңуі тиіс. "Атлетико" Ла лиганың қола жүлдесін алу үшін осы үш ұпай қатты маңызды. Сондықтан да, алған беттерінен қайтпайды. Ж1 1,36 кэф.

"Лацио" - "Фиорентина"

"Лациода" әлі чемпион болатын мүмкіндіктер бар. "Юве" небәрі 4 ұпайлық жерде жүр. Қуып жетуге болады. Дегенімен, римдіктер үшін екінші орынның өзі де жақсы көрсеткіш. Рибери секілді шау тартқан ардагерлерді жинаған "Фиоре" сүреңсіз ойнайды. Өткен жолы 10 адаммен қалды. Тең түсті. Симионе мен Кьезаның балалары гол салуы мүмкін. Екі мықты ойыншының балалары кезектесіп алаңға шығып жүр. Дегенімен, мен еш ойланбастан "Лационың" жеңісін алдым. Өткен турдағы шоктан оянған шығар. Ж1 1,65.

"Вердер" - "Кельн"

Егер бұл матч Қазақстан чемпионатында болса, кішігірім келісілген ойынға болар еді. Себебі, "Вердерге" үш ұпай керек. Бундеслигада қалып кететін мүмкіндік болып тұр. Соңғы мүмкіндікті ұстап қалу үшін жеңіс қажет. Мақұл, жеңді дейік, оның өзі тағы бір матчқа байланысты. Ар жақта "Фортунада" жеңсе, онда қош бол Бундеслига! Десе де, ештеңе керек болмай қалған "Кельнді" жеңуге болады. Жеңіс бірінші команданыкі - 1,61.

"Аугсбург" - "Лейпциг"

"Аугсбург" Бундеслигадағы орнын сақтап қалды. Оның өзі кішігірім той болды. Енді мына ойында жастарды шығарып, келесі жылға дайындық жасайды. Ал "Лейпцигке" үш ұпай керек. Себебі, "Боруссия" Менхенгладбах үшінші орынды тартып алып қоймақшы. Сырт алаңда жақсы ойнайтын РБ Лейпциг осы матчты жеңеді. 1,42 кэф.

Қадірменді достар, "Унион" - "Фортуна" Д ойыны қызық болып тұр. Қалай ойлайсыздар, "Фортуна" жеңе ала ма?


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×