Роналду кезекті голын салды

27.06.2020, 09:03
28 тур ойындары басталып, «Ювентус» жеңіске жетті.
Роналду кезекті голын салды

Турдың шымылдығын түрген бұл ойында "Лечче" ұпай аламыз деп сеніп келді. Бірақ, 33 минутта қорғаушы Лучони қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Ал екінші таймда Пауло Дибала Роналдудың пасынан кейін есеп ашты. Сосын Криштиану өзі жасаған пенальтиді голға айналдырды. Бұл португал ойыншысының Серия А-дағы 9 пенальтиі. 84 минутта Криштиану тағы бір асисст жасады. Оның пасынан кейін Игуаинге гол соғу түкке тұрмады. Ал матч нүктесін Де Лигт қойды. Есеп 4:0.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×