Болжам. Ұстаздан шәкірт озар

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
21.07.2020, 22:57
Бүгін АПЛ мен А сериясында екі-екіден төрт ойын бар.
Болжам. Ұстаздан шәкірт озар

Кеше оқырмандардан "Ювентус" - "Лацио" ойынының есебін кім дәл табады деп кішігірім байқау жасадық. Ернар деген қолданушымыз бірінші болып - деген есепті айтыпты. Сосын Муха деп тіркелген бір оқырманымыз да 2-1 деп жазыпты. Араға жарты сағат салып Елжан Асилбаев есімді оқырман да 2-1 нәтижесін көрсетіпті. Сосын бір сағаттан кейін Омар деген кісі де осы есепті көрсетіпті. 38 пікірдің ішінде 4 оқырманымыз дәл тапты. Керемет көрсеткіш. Ал енді бүгін түнде болатын "Астон Вилла" - "Арсенал" матчының нәтижесін кім табар екен? Пікірлеріңізді күтемін.

"Уотфорд" - "Манчестер Сити"

Пеп Гуардиола қазір ашулы. Оның командасы күні кеше ғана "Арсеналға" жеңіліп Англия кубогының жартылай финалынан ары аса алмады. Оның үстіне "Арсеналдың" бапкері өзінің шәкірті Микель Артета еді. Ұстаздан шәкірт озды деген осы. Енді сол жеңілістен соң "МанСити" ешкімді аяйын деп тұрған жоқ. Бұрыштаманы да көтеріп, қос қапталдан қысып, ортадан да теуіп "Уотфордты" әбден қинайды. Жеңіс қонақ командада. Ж2. 1,35 кэф.

"Астон Вилла" - "Арсенал"

"Астон Вилла" АПЛге келіп бір жылдан кейін қайтадан Чемпионшипке кетіп қалуы мүмкін. Жағдайды құтқаратын соңғы 2 матч қана. "Уотфорд" жеңіліп, "Астон Вилла" бүгін ұтса, онда жағдай күрт жақсарады. Сондықтан да, барлығы қазір өз қолдарында. Бирменгемнің командасы келген жағына қайтып кетіп қалмауды ойлайды. Гол салатыны анық. Шабуылға шығады. Бірақ, "Арсенал" да мықты. Менің ойымша осы ойынның тоталы 2,5тен көп болады-ау. 1,70 кэф.

"Аталанта" - "Болонья"

"Аталанта" өткен турда тең түсті. Ол дегеніміз 2 ұпай жоғалтты дегенмен тең. "Веронаның" қорғанысын бұза алмады. Бүгін жеңуі тиіс. "Болонья" қазір нашарлап кетті. Михаиловичтің командасы әбден шаршады. "Миланнан" 4 гол жіберді. Сондықтан да Гасперинидің командасы жеңеді деп бәс тіге берсек болады. 1,3. Тотал 2,5 көп деген болжам да қатты ұнап тұр.

"Сассуоло" - "Милан"

Алаң иелері қазір бабында. Өткен турда Берарди ойнай алмады. Каптуоның голының арқасында олар да 1-1 тең ойнап қалыды. "Сассуоло" негізі кез-келген қарсыласты қыспаққа алады. Бүгін де Деврель, Толян, Обьянг, Феррари секілді бірқатар ойыншы алаңға шыға алмайды. Бірақ, Берарди, Капуто, Бога секілді сайыпқырандар тас-түйін дайын. Оның үстіне екі команда қазір турнирлік кестеде көрші. "Миланда" 56 ұпай, 7-орын, "Сассуолода" 48 ұпай, 8 орын.

Сондықтан да матч тоталы 3'5 көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×