«Реал» Зиданға мәңгілік келісімшарт ұсынбақ

21.07.2020, 22:06
«Реал» басшылығы Зиданды екінші Фергюсон ретінде көргісі келеді.
«Реал» Зиданға мәңгілік келісімшарт ұсынбақ

«Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес команданың бас бапкері Зинедин Зиданның жұмысына риза. Журналист Эдуардо Инда хабарлағандай, "Корольдік" клуб Зинединге командасын қалағанынша басқаруға мүмкіндік беретін мәңгілік келісімшарт ұсынбақшы.

Перес сонымен қатар Зиданның болашақта бас директор болғанын және бапкер қызметінен кеткен соң клубтағы барлық спорттық процестерді басқарғанын қалайды. Зинединді «Реал» басшысы өзінің Алекс Фергюсоны ретінде көретіні айтылған. Аты аңызға айналған Фергюсон 27 жыл бойы «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырды және клубта маңызды шешімдер қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада «Реал Мадрид» Испания чемпионы атағын мерзімінен бұрын жеңіп алған болатын. Чемпиондар лигасында команда 1/8 финалдың екінші матчында «Манчестер Ситиге» қарсы ойнайды. Үйдегі кездесуде Зидан шәкірттері 1:2 есебімен жеңілген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×