Исламбек Қуат Мәскеулік клубқа ауысуы мүмкін

21.07.2020, 21:55
«Оренбург» клубы РПЛ-ден мерзімінен бұрып ұшып кетті.
Исламбек Қуат Мәскеулік клубқа ауысуы мүмкін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және "Оренбург" клубының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат мансабын Мәскеудің «Динамосында» жалғастыруы мүмкін.

"Динамо" 27 жастағы ойыншының кандидатурасын ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін қарастырады. Тіпті Қуаттың агенті «Динамомен» байланысып үлгерді.

Айта кетейік, 22 шілдеде РПЛ-дің 30-турының матчында "Динамо" "Оренбург" клубымен кездеседі. Және де келесі маусымнан бастап қазақстандық футболшылар Ресейде легионер ретінде қарастырылмайды.

«Оренбург» Премьер-Лигадан мерзімінен бұрын ұшып кетті, сондықтан бірқатар негізгі ойыншылар командадан кетуі мүмкін. Қуаттың "Оренбургпен" келісімшарты келесі маусымның соңына дейін, яғни 2021 жылдың 30 маусымына дейін әрекет етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×