Болжам. Жозенің артқа шегінерге жолы жоқ

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
06.07.2020, 07:45
Футболдың болуынан боладысы қызық деген, болжап көрейік қанекей.
Болжам. Жозенің артқа шегінерге жолы жоқ

"Леванте" - "Реал" Сосьедад

"Реал" Сосьедад гол сала алмай қиналып жүр. Вилиян Хосенің дәлдігі нашарлап кетті. Аднан Жанұзай жарақат алды. Мына матчта қонақ команда кімге сенерін білмей отыр. "Леванте" де өз алдына жабық команда. Қорғанысқа көп мән береді. Сондықтан да осы ойында гол саны аз болады деп ойлаймын. Тіпті 0-0 тең ойын тіркелсе таң қалмаймын. Ал бәс тіккенде жалпы матч тоталы 3,5 кем дегенді алдым.

"Севилья" - "Эйбар"

"Севилья" соңғы рет 9 ақпан күні жеңілген. "Сельтаға" Ол да бір кездейсоқ болған жағдайлар. Карантин біткелі бері ұтылып көрмеді. "Барсаның" өзін әбден қинады. Қазір Андалусия ойыншылары бабына еніп алған. Лопотеги де мықты бапкер екенін байқатып жатыр. Турнирлік кестенің түбіндегі "Эйбарды" жеңетін жөні бар. Жеңіс бірінші команданыкі.

"Хайденхайм" - "Вердер"

Бундеслигаға жолдама беретін ойын. Бірінші матч Бременде өтті. Ол ойында гол соғылмады. Енді "Вердердің" сырт алаңда соққан әрбір голы маңызды. "Вердер" оберлиганың үшінші командасынан сәл де болса басымырақ. Қанша дегенімен жоғарғы топта ойнап үйреніп қалды. "Кельді" 6-1 жеңіп, соңғы мүмкіндікке қол жеткізіп тұрып, "Хайденхаймға" жол берсе ұят болады. Сондықтан, жасылдар осы ойында еш саспастан шабуылдайды. "Вердер" келесі кезеңге өтеді, "Вердер" тоталы 1 көп, "Вердер" гол салады деген бәстерді ұсынамын. Таңдау өз еркіңізде.

"Тоттенхэм" - "Эвертон"

Мауриньо мен Анчелоттидің кездесуі. Керек десеңіздер екеуі ойынды жүргізбей, құр қорғанып жүре салады. Мауриньо баптаған командалардың сондай ауруы бар. Анчелотти де жетісіп жүрген жоқ. Италия бапкері әбден топ командаларды тізгіндеп үйреніп қалған. "Эвертон" аз бюджетпен, ортаңқол ойыншылармен "Тоттенхэммен" бірдей тұр. Екеуінде 45 және 44 ұпайдан. 10-11 орындарда жүр. "Шэфилдтен" жеңілгеннен соң Мауриньоның артқа шегінерге жолы жоқ. Осы ойында 3 ұпай алмаса басшылықтан хат келейін деп тұр. Хаттың тақырыбы "Нестеп жатсың, Маур?" болуы мүмкін. Хари Кэйн бар, Сон мен Моура бар әйтеуір бір гол салар деген үміттеміз. Жеңіс лондондықтарда. 1х деген бәске де 1,35 кэф беріпті букмекерлер.

Айтпақшы, бүгін көкеміздің туған күні. Құтты болсын, Марат аға!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
«Зенит» 6 рет чемпион!
Серіктес жаңалықтары
×