Вагнер Лав Алматыға келді

06.07.2020, 15:01
Ақша үшін емес, «Қайратқа» чемпиондық алып беруге келді деп үміттенейік.
Вагнер Лав Алматыға келді

Қазақстандық «Қайрат» Twitter-де бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавтың Қазақстанға келгенін жариялады.

«Қош келдің, Вагнер!» - деп жазылған парақшада.

Бұған дейін Вагнер "ЦСКА-ға" оралу үшін бразилиялық «Коринтианс» клубымен келісімшартты бұзғаны туралы хабарланған болатын. 23 маусымда шабуылшы өзінің «Қайратқа» ауысатынын жариялады, бірақ әзірге клуб басшылығы трансфер туралы ақпаратты ресми түрде растамады. Бразилиялық еркін агент болғандықтан, ол қазақстандық клубқа тегін келді. Ойыншының жеке келісімшарт шарттары жария етілген жоқ.

Вагнер Лав өзінің мансабында «Палмейрас», "ЦСКА", «Фламенго», «Шандонг Лунен», «Коринтианс», «Монако», «Аланьяспор» және «Бешикташ» сапында ойнаған. Бразилия құрамасы үшін ол 20 матч өткізіп, төрт гол соқты. Ол Ресей мен Бразилия чемпионы, сонымен қатар УЕФА кубогының иегері болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×