“Боруссияға” қарсы ЧЛ финалында “Реал” қақпасын Куртуа күзететін болды

10.05.2024, 15:31

Тибо Куртуа “Реал Мадридтің” Чемпиондар Лигасындағы шешуші ойынына қатысуы мүмкін.

“Боруссияға” қарсы ЧЛ финалында “Реал” қақпасын Куртуа күзететін болды

Королдік клуб жарақат алған Куртуа орнын жоқтатпаған Лунинге алғысы шексіз. Мадрид ұжымы украин ойыншысының прогресін байқағандықтан, оның жалақысын өсіре отырып жаңа келісімшартқа отырмақшы. 

Қазіргі кезде ортақ топпен жаттығу жұмыстарын жасап жүрген Тибо финалдық кездесуде өнер көрсетуге дайын екенін командаға ескертіп қойған екен. 

Анчелотти бастаған бапкерлік штаб финалдық кездесуде бельгиялық ойыншыға сенім артатын болды. Бұған дейінгі матчтарда клубты сүйреп келген Лунин барлығын түсініп, шешуші кездесуде орнын Куртуаға босатпақшы.

Соңғы рет Тибо “Реалдың” “Кадиске” қарсы ойынында алаңға шықты (3:0). Жарақатына байланысты футболшы 335 күн уақытын жіберіп алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×