Рафаэль Уразбахтин: Біз тырыстық, бірақ онымыздан ештеңе өнген жоқ

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
10.05.2024, 11:31

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері міндетін атқарушы Рафаэль Уразбахтин Қазақстан Кубогінің ширек финалындағы «Атырауға» қарсы өткен матч туралы пікірін білдірді. Айта кетейік, Кубоктік ойында «Қайрат» «Атыраудан» 1:3 есебімен ұтылып, жарысты аяқтаған болатын

Рафаэль Уразбахтин: Біз тырыстық, бірақ онымыздан ештеңе өнген жоқ
Рафаэль Уразбахтин "Қайрат" ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы

«Бұл ойынды біз негізгі екі орталық қорғаушымыз: Виктор Васин мен Лука Гадранисіз өткіздік. Олар өткен ойында алған жарақаттарына байланысты өнер көрсете алмады. Бұл футболшылардың жоқтығы бүкіл команданың ойынына әсер етеді, бұл әсіресе, стандарттық жағдайларда қатты байқалады. Біздің осыған байланысты қауіпіміз болған. Өкінішке қарай, барлығы қорыққанымыздай болып шықты – кездесу басында жылдам екі доп өткізіп алдық. Оның екеуі де стандарттардан кейін еді. Бұл жағдай команданы есеңгіретіп тастады. Жылдам гол кез-келген ойыншы үшін стресс. Ал содан кейін біз пенальти тебуге мүмкіндік алып, оны жүзеге асыра алмадық. Сол мүмкіндікті мүлт жібермесек, матч басқаша аяқталар еді. Алайда, пенальтиді соға алмай, еңсеміз одан ары түсіп кетті. Осының салдарынан үшінші голды да жіберіп алдық. Бұл жағдай жылдам кірген екі голдың салдары. Біз тырыстық, бірақ онымыздан ештеңе өнген жоқ», - деген болатын Р.Уразбахтин.

Жартылай финалда енді «Атырау» командасы «Тобылмен» жолығады. Екінші жартылай финалдық ойында «Ақтөбе» мен «Елімай» шеберлік байқаспақ.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×