«Боруссия» «Баварияға» есе жіберді

08.11.2020, 07:17
«ДерКлассикер» өте тартысты өтті.
«Боруссия» «Баварияға» есе жіберді

Футболдан неміс бундеслигасының 7-турында Дортмундтық «Боруссия» өз алаңында Мюнхендік «Баварияны» қабылдап, 2-3 есебімен жеңіліп қалды.

«Сигнал Идуна Парк» стадионында өткен бұл матчтың 24 – минутында Левандовский есеп ашқанымен, бас төреші VAR қарап поляктың ойыннан тыс қалғанын анықтады. Бірінші тайм аяқталар тұста «аралардың» капитаны Марко Ройс Нойердің қақпасынан саңылау тапты. Есеп 1-0. Алайда олардың қуаныштары ұзаққа созылмады. Ойынның алғашқы кезеңіне қосылған үш минуттың соңғысында Давид Алаба айып добын сәтті орындап, есепті теңестіріп кетті. Екінші тайм бастала салысымен Лукас Эрнандестің пасынан Левандовский гол салып, ақыры дегеніне жетті. 80-минутта алаңға алмасып кірген Лерой Сане өз командасының үшінші голын соқты. Араға бірнеше минут салып норвегиялық Эрлинг Холланд есеп айырмасын қысқартты. Кездесу 2-3 есебімен аяқталып, «Боруссия» чемпионаттағы екінші жеңілісіне ұшырады.

Осылайша қонақта үш ұпай алған «Бавария» жеті турдың қорытындысы бойынша 18 ұпай жинап, көш басына шықты. Екінші орында 16 ұпаймен «РБ Лейпциг» тұр. Ал үздік үштікті 15 ұпаймен Дортмундтың «Боруссиясы» түйіндеді. 

Нұрасыл Нұрсұлтан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×