Премьер-лиганың соңғы төрт турға арналған күнтізбесі белгілі болды

08.11.2020, 07:03
ҚПЛ 30 қарашада аяқталады деп жоспарлануда.
Премьер-лиганың соңғы төрт турға арналған күнтізбесі белгілі болды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының соңғы төрт турының күнтізбесін ұсынды.

Лига Әкімшілігі турнирге қатысушы командалардың көпшілігінің қолдауымен соңғы 4 турдың ойындарын 10 күннің ішінде өткізу туралы шешімге келді.

Ойындар кестесінің тығыздығына және жарысты ұйымдастыру барысында орын алған жағдайларға байланысты ҚКФЛ турдың барлық кездесулерін бір күнде, кей кездері бір уақытта өткізуге мәжбүр екендігін хабарлады. Кездесулердің бір бөлігі “QAZSPORT” телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілсе, екінші бөлігі телеарнаның qazsporttv.kz ресми сайтында тікелей эфирде көрсету жоспарланған.

ХIХ тур 21 қараша (сенбі)

"Шахтер" – "Астана"

"Каспий" – "Оқжетпес"

"Жетісу" – "Тараз"

"Ордабасы" – "Қайсар"

"Қайрат" – "Қызыл-Жар СК"

ХХ тур 24 қараша (сейсенбі)

"Астана" – "Қайсар"

"Тараз" – "Каспий"

"Шахтер" – "Жетісу"

"Оқжетпес" – "Тобыл"

"Қызыл-Жар СК" – "Ордабасы"

ХХI тур 27 қараша (жұма)

"Жетісу" – "Астана"

"Каспий" – "Шахтер"

"Қайсар" – "Қызыл-Жар СК"

"Тобыл" – "Тараз"

ХХII тур 30 қараша (дүйсенбі)

"Оқжетпес" – "Ордабасы"

"Қызыл-Жар СК" – "Астана"

"Шахтер" – "Тобыл"

"Жетісу" – "Каспий"

"Тараз" – "Қайрат"

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×