«Боруссия Дортмунд» екінші Санчоны сатып алды

26.09.2020, 18:30
Кезінде Джейдон Санчо да «Манчестер Ситиден» 9 миллион еуроға ауысып келген еді.
«Боруссия Дортмунд» екінші Санчоны сатып алды

Дортмундтық "Боруссия" "Манчестер Ситидің" 16 жасар ойыншысы Джейми Байно-Гиттенспен келісімшартқа отырды.

"Джейми Байно-Гиттенс қазір бізбен бірге. Оның біздің жастар командасына қосылғанына қуаныштымыз. Трансферден кейін ол "Боруссия" U19 командасында ойнайды. Біздің скауттық бөлім өте жақсы жұмыс жасады", - деді "Боруссияның" спорт директоры Михаэль Цорк клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бұған дейін, германиялық клуб ойыншыны еркін агент ретінде алуға жақын екендігі хабарланған еді. "Пари Сен-Жермен" мен "Реал Мадрид" те Англияның ең талантты ойыншыларының бірі саналатын Байно-Гиттенске қызығушылық танытты.

Айта кетейік, «Манчестер Юнайтед» әлі күнге дейін шабуылшы сатып алуды жоспарлап отыр. «Боруссия» ойыншысы Джейдон Санчо әлі күнге дейін бұл лауазымға басты үміткер болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×