«Ақтөбе» бразилиялық ойыншыны қатарға қосты

26.09.2020, 18:56
Одан бөлек, «Ақтөбе» украиналық футболшымен жаңа келісімшартқа отырды.
«Ақтөбе» бразилиялық ойыншыны қатарға қосты

37 жастағы бразилиялық футзалшы және Португалияның жеті дүркін чемпионы Део (Андре Энрике Жюстино) "Ақтөбе" МФК сапына қосылды.

Део Лиссабондағы "Спортингте" он екі жылдан астам уақыт өнер көрсеткен. Ол "Спортингпен" бірге бірнеше рет Португалия чемпионатын жеңіп алып, 500-ден астам матч өткізіп, 282 гол соққан. 2014 жылдан 2016 жылға дейін Део Мәскеудің КПРФ футзал клубында ойнады, онда 69 кездесу өткізіп, 39 гол соқты. Бұл командада ол клуб тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі болды.


"Ақтөбе" футзал клубы украиналық футзалшымен жаңа келісімге қол қойды!

Евгений Игоревич Валенко - украиналық футзалшы, Украина ұлттық құрамасының шабуылшысы. Украинаның спорт шебері. Евгений "Ақтөбеге" 2017 жылы қосылды және осы уақыт аралығында ол команда көшбасшыларының бірі болып, жергілікті жанкүйерлердің көзайымына айналды. Мұнда футболшы 96 ойын өткізіп, 57 гол соқты!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×