«Боруссия Дортмунд» қақпашысы мансабын МЛС-те жалғастырады

16.03.2022, 01:07
Қақпашы осы маусымда алаңға шыққан жоқ.
«Боруссия Дортмунд» қақпашысы мансабын МЛС-те жалғастырады

Дортмундтық «Боруссияның» қақпашысы Роман Бюрки мансабын МЛС-те жалғастырады, деп жазады журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің мәліметінше, 31 жастағы швейцариялық қақпашы «Сент-Луис» клубымен ауызша келісімге келген. Осы аптада футболшы келісім-шартқа отырады, содан кейін трансфер туралы ақпарат ресми түрде жарияланатын болады.

Роман Бюрки - швейцариялық «Янг Бойздың» түлегі. Қақпашы «Боруссияға» 2015 жылдың жазында «Фрайбургтен» ауысып келді. 31 жастағы қақпашымен келісім-шарт 2023 жылға дейін есептелген. Бюрки өткен жылы команданың негізгі қақпашысы болғанымен, осы маусымда алаңға шыққан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×