"Боруссия Дортмунд" жаңа ойыншымен толықты

23.01.2017, 22:27
"Боруссия Дортмунд" жаңа ойыншымен толықты
Швециялық 17 жасар шабуылшы Александер Исак ендігі кезекте өз бағын неміс бундеслигасында сынап көреді. "Жаңа Ибрагимович" атанған жас талант иесін өз қатарына қосу үшін "Боруссия Дортмунд" 9 миллион эвро көлемінде қаражат жұмсады. Өз кезегінде Исак 2005-2015 жылдары швецияның "АИК" командасының жастар құрамасында ойнаған. 2016 жылы клубтың негізгі құрамына алынып, 24 ойында 10 гол соққан. Сонымен қатар, бұл ойыншыға "Реал Мадрид", "Бавария", "Челси", "Ювентус" сынды бірқатар үздік клубтар қызығушылық танытқан. Жаңа командасында Алексадер Исак 36-номерде өнер көрсететін болады. Ерік Ерсін
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×