«Боруссия» Санчоның орнын басар ойыншыны «Барселонадан» сатып алмақ.

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
01.05.2020, 06:14
Дортмундтық «Боруссия» каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Анссумане Фатиге қызығушылық танытып отыр.
«Боруссия» Санчоның орнын басар ойыншыны «Барселонадан» сатып алмақ.

Неміс клубы 17 жасар жас шабуылшыны жазғы трансфер терезесінде Джейдон Санчо ұжымнан кеткен жағдайда, өз қатарына қосуды жоспарлауда.

Бұған дейін "аралардың" спорт директоры Майкл Зорк қазіргі пандемияға байланысты болып жатқан дағдарыста ешқандай клуб ағылшын үшін әзірге қомақты қаржы ұсына қоймайтынын сенімді түрде айтқан болатын. Фатиге келетін болсақ "Барселона" жас шабуылшыны жалға беруге дайын.

Джейдон Санчо ағымдағы маусымда 35 ойында 17 гол соғып, 19 нәтижелі паспан клубтың көшбасшыларының бірі атанып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×