Вирус жаңалықтар. ПСЖ қиын жағдайда, АПЛ ойындары бір стадионда өтуі мүмкін

30.04.2020, 15:09
Еуропа футболында не жаңалық бар?
Вирус жаңалықтар. ПСЖ қиын жағдайда, АПЛ ойындары бір стадионда өтуі мүмкін

Ағылшын премьер-лигасының клубтары 11 мамырдан бастап жаттығу жұмыстарына кіріседі. Ұйымдастырушылардың бар ойынды "Уэмблиде" өткізу жайлы идеясы мақұлданбай қалды. Клубтар өз алаңымыздағы ойындарды бос трибунада болса да, өз стадионымызда ойнаймыз деп иілмей отыр. Матчтар 8 немесе 11 маусым күндері ойналатын секілді.

Бундеслига 9 мамыр күні жалғасуы тиіс еді. Бірақ, билік тарапы қазір нақты ештеңе айта алмай отыр. Себебі, соңғы күндері вирус күшейіп кетті. Дегенімен, клубтар аз-аздан бөлініп жаттығу жұмыстарын жасап жатыр.

Егер Чемпиондар лигасы қайта жалғасын тапса онда ПСЖ өз алаңындағы ойындарын Қатар мемлекетінде өткізетін секілді. Бұл елге клубтың қандай қатысы бар екенін барлығы біледі. Дегенімен, клуб осы пандемия кезінде 240 миллион еуро көлемінде қаржыдан айырылайын деп тұр. Оның үстіне Маркиньос пен Тьяго Сильвалар жалақыны төмендету мәселесіне келгенде ортақ шешімге келмей жатыр. Коронавирусқа байланысты Каталония кубогының ойыны "Барселона" мен "Эспаньол" матчы да өтпейтін болды.

Нидерланды чемпионатының екінші лигасындағы "Камбюр" мен "Де Графсхап" клубтары футбол федерациясына шағым түсірді. Олар биыл жоғарғы маусымға шығуы тиіс еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×