Бос жүрген 10 ойыншы

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
14.05.2020, 17:45
Осы он ойыншының бірі Қазақстанға келуі мүмкін.
Бос жүрген 10 ойыншы

Даниель Старридж, 30 жас

Соңғы клубы: "Трабзонспор"

Бағасы: 8 млн

"Ливерпульден" кеткеннен кейін Старридждің спорттық ғұмыры жақсара бастады. Ол "Трабзонспорға" келіп 16 ойында 7 гол салды. 4 пас беріп, асисттентік жасады. Сосын трансферлік инсайдтың құрбаны болып, өзге клубқа ауыса алмай қалды. Енді ол 17 маусымға дейін еш жерде ойнай алмайды. Сонымен қатар, 150 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл да төледі. Бірақ, осы жағдайдан соң ол нағыз жігіт екенін дәлелдеп, клубпен келісімді үзді. Әйтпесе, құрдан құр жалақы алып жүруіне де болар еді. Енді Даниель клуб үздеуі керек.

Жусулей, 32 жас

Соңғы клубы: "Сан-Паулу"

Бағасы: 2,4 млн

"Анжидің" ойыншысы өткен жылы "Сан-Паулыға" ауысты. Онда бір жыл бойы қосалқы құрамда отырып қалды. Кейін "Васко да Гама" клубына ауысатын болып келісіп еді, келіссөздер шорт тиылды. Шамасы "Васконың" бұл ойыншыны сатып алуға шамасы жетпеген секілді. Ал Жусилей енді жаңа клуб іздестіріп жатыр.

Иван Стринич, 32 жас

Соңғы клубы: "Милан"

Бағасы: 2,4 млн

Хорватиялық қорғаушы сол қапталда керемет ойнайтын. Бірақ, "Миланмен" келісімге келген тұста оның жүрегінен ақау табылды. Тіпті футболды тастауға да тура келді. Иван ем қабылдап, дәрігерлерден рұқсат алды. Бірақ, "Милан" бапкерлері оны негізгі құрамға шығармай қойды. Дегенімен, Стриничтің футбол ойнауға шамасы жететін секілді. Өзі солай айтып жүр екен. "Миланмен" келісім үзілді, енді хорватиялыққа клуб керек болып тұр.

Роберт Мак, 29 жас

Соңғы клубы: "Зенит"

Бағасы: 1,6 млн

"Зениттен" кеткен соң ол "Коньяспор" клубымен келісім-шартқа қол қойды. Бірақ, пандемия басталған тұста отбасымның қасында болуым тиіс деп клубпен келісімді үзді. Енді ол еркін футболшы. Мысалы, "Астана" командасы өзіне шақырса, келіп қалуы мүмкін.

Сейду Думбия, 32 жас

Соңғы клубы: "Сьеон"

Бағасы: 1,2 млн

Коронавирус пайда болған кезде "Сьеон" клубының басшылығы футболшылардың барлығына почта арқылы жаңа келісім-шарт ұсынды. Онда жалақыларың 11 700 еуроны құрайтын болады делінген. Сейду бұл жалақыға келіспей қойды. Сосын инстаграммда "Сьеон" басшылығы мені клубтан кеткенімді уатсап арқылы жазып жіберді" деп кикілжің шығарды. Думбия енді өзіне жаңа клуб іздейді. Айына 23 мың еуро төлесеңіздер, келейін деп тұр.

Джон Оби Микель

Соңғы клубы: "Трабзонспор"

Бағасы: 1,2 млн

Кезінде "Челсиде" ойнаған Оби Микель Старридж кеткеннен соң екі аптадан кейін "Трабзонмен" келісімді үзді. "Сендердікі дұрыс емес, вирус тарап жатқанда футбол ойнағандарың қай сасқандарың. Сендерді қайдам, мен үйіме кеттім" деп Лондонға тайып тұрған Джон клубпен келісімді үзді. Енді вирусы жоқ, жақсы жерден клуб іздейді.

Иньяцо Абате, 33 жас

Соңғы клубы: "Милан"

Бағасы: 800 мың

Абате жарақат алып, кейіннен айығып футболға оралмақшы. Қартайған шағында еркін футболшы болып жүріп, өз келісім-шартын өзі сатып ақша таппақшы. Қазір бұл кісінің ісімен агент Мина Райоланың өзі айналысып жатыр. Сондықтан да, Иньяцоның Қазақстанға келуі екіталай.

Сердар Таски, 32 жас

Соңғы клубы: "Истанбул Башекшехир"

Бағасы: 550 мың

2019 жылдың шілдесінде клубпен келісім-шарты үзілді. Себебі не болғаны белгісіз. Сердар өзі бір сұқбатында денсаулығыма демалыс беремін деп Штутгарт қаласына кетіп қалды. Сонда физикалық формасын ұстап, жаттығулар жасайды. Енді 3-4 жыл тағы ойнап кетемін деп отыр. "Қайрат" шақырса келе салайын деп тұрған сияқты. Жақсы қорғаушы ғой.

Макси Перейра, 35 жас

Соңғы клубы: "Порту"

Бағасы: 400 мың

"Порту" клубы футболшының келісім-шарты аяқталған соң оны ары созуды жөн санаған жоқ. Макси сосын "Риу Аве" командасына ауысқысы келген, бірақ олар да жалақы мәселесінде келісе алмады. Енді карантин біткен соң Макси бір клуб тауып футбол ойнағысы келеді. Уругвайлық ойыншы әлі тыңмын дейді.

Алекс Сонг, 32 жас

Соңғы клубы: "Сьеон"

Бағасы: 400 мың

Бұл жерде Сонгтың оқиғасы Думбияныкімен бірдей. 11 мың еуро жалақыға көнбей кетіп қалды. 20 мың еуро ұсынсаңыздар Алекс Сонг "Қайсарға" да ауысуы мүмкін.

Бонус: Фабио Коэнтрау, 32 жаста

Соңғы клубы: "Спортинг"

Бағасы: Трансфермаркетте жазылмапты

"Спортингтен" кеткеннен соң ол грекияның ПАОК клубымен келісімке келген. Бірақ, шарт жасалынбады. Фабио отбасылық жағдайға байланысты кейінге шегерді. Енді үйдегі жағдайы жақсарған соң клуб іздеп жатыр. Коэнтрау "Астана Аренада" ойнаған. "Астанаға" қарсы. Бәлкім...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×