Златанның орнына Дзюба

14.05.2020, 15:50
«Доп теп» топтамасына зер салыңыздар.
Златанның орнына Дзюба

Фифа жылда ұйымдастыратын «The Best FIFA Football Awards» марапатын биыл өткізбейді. «Marca» басылымы бүған себеп пандемия деп жазады. Ағымдағы жылы Фифаның бастамасымен іске аспақ шаралардың тек бірі ғана күнтізбеде қалды.  Ол клубтық әлемдік чемпионаты.  «France Football» басылымының мұрындық болуымен өтетін «Алтын доп» иегерін анықнау кешінің бола ма жоқ па ол жағы ашық сұрақ күйінде қалып отыр. «The Best» марапатын былтыр Лионель Месси ұтып алған еді. 

****

«Қайрат» футбол клыбының сапында доп тепкен Жерер Гоу Қазақстанға қайтқысы келеді. Бұл туралы «Спорт.кз» интернет басылымы жазады. Оның 3 маусым ҚПЛ-де өнер көрсетіп, 102 матчта 80 гол соққаны көпшілік есінде. Қазір Түркияның «Қасымпашасында» өнер көрсетеді. Гоу ыңғайы келсе Қазақстан чемпионатында ғана емес, тіпті қлттық құрама сапына да шақырылса қуана қарсы алатынын айтып өтті. «Мені Қазақстанда жоғары бағалады. ойыным да жақсы жүрді. Сондықтан алғысымды құрамада жүріп жеткізе аламын» — дейді ивуарлық футболшы. 

****

«Ювентус» қорғаушысы Маттиа Де Шильо мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін. Бүгін Нелсон Семеду каталондық клубпен келісімін созуға қатысты келісе алмады деген ақпарат тарады. «Спорт ру» ақпаратына сенсек, 27 жастағы Де Шильоға қатысты испандық клуб басшыларының көзі түзу, көңілі оңды екен. Егер қос клуб келісіп жатса ойыншы 10 миллион еуроға ауысады. 

****

«Милан» жазғы трансферлік ауысым кезінде Златан Ибрагимовичтің орнына Артем Дзюбаны шақырады. Бұл туралы «Pianeta Milan» жазды. Ресейлік шабуылшының «Зенитпен» кесілім шарты осы жылдың жаз айында бітеді. Алайда, петербургтық команданың бас директоры Александр Медведев «Бұл жалған ақпарат. Дзюбаны сатпаймыз!» деп жауап берген. 

Айбек Қосан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×