Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының қорғаушысы Анель Ахмедходжич 2022 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанға қарсы болатын іріктеу матчы туралы пікір білдірді:
- Біз жақсы дайындалудамыз. Бізде жоғары сапалы команда бар екенін көруге болады, бірақ визаға байланысты мәселелердің туындағаны өкінішті-ақ. Дегенмен, бұл бізге жақсы жұмыс жасауға және үш ұпай алуға ынталандырады. Қазақстан жаман команда емес, бірақ мен ойынды өз бақылауымызға аламыз деген ойдамын. Бұл жолы мүмкіндікті пайдаланып, жеңіске жетеміз деп сенемін.