WhoScored порталы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Босния және Герцеговина - Қазақстан (2:2) матчындағы ойыншылардың бағаларын жариялады.
Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында Бақтиер Зайнутдинов ең жоғары балл алды - 7,9. Ол 57-ші минутта Артур Шушеначевтің орнына шығып, 69-минутта сары қағаз алды, ал матчтың соңғы минутында тікелей айып добынан гол соғып, өз командасын жеңілістен құтқарды.
Екінші және үшінші орындарды осы кездесудегі Қазақстан құрамасының бірінші голына атсалысқан Асхат Тағыберген (7,4) пен Исламбек Қуат (7,1) алды.
Матчтың үздік ойыншысы Босния және Герцеговинаның жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич болды - 8,7. Ол пенальтиден гол соқты және голдық пас берді. Гойко Цимирота мен Амер Гояктың ойыны салыстырмалы түрде жоғары бағаланды - екеуі де 7,0 балл алды.
Біздің серіктес: FONBET