Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама тарихындағы сұрмергендердің үздік үштігіне енді

08.09.2021, 15:11
Футболшыға бұл жетістікке жету үшін 18 матч қажет болды.
Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама тарихындағы сұрмергендердің үздік үштігіне енді

Зайнутдинов Босния қақпасына соққан голынан кейін Қазақстан құрамасының үздік сұрмергендері тізімінде үшінші орынға көтерілді.

ЦСКА мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың еншісінде 8 гол бар. Футболшыға бұл үшін небәрі 18 матч қажет болды. Сондай-ақ үшінші орында 8 голдан соққан Дмитрий Бяков және Сергей Хижниченко да бар. Бірақ оларға бұл межені бағындыру үшін 33 және 52 матч қажет болған.

Тізімдегі алғашқы орындар - Қазақстанның экс-шабуылшылары Руслан Балтиев (13) пен Виктор Зубаревке (12) тиесілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×