Босния және Герцеговина құрамасының алты ойыншысы виза мәселесіне байланысты Қазақстанға келе алмайды

07.10.2021, 03:38
Одан бөлек, Пьянич, Крунич секілді ойыншылар жарақат алған.
Босния және Герцеговина құрамасының алты ойыншысы виза мәселесіне байланысты Қазақстанға келе алмайды

Босния және Герцеговина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанға қарсы іріктеу матчы алдында тағы да шығынға ұшырады, деп хабарлайды Босния және Герцеговина футбол одағы.

«Жарақатына байланысты оқу-жаттығу жиынына көп ойыншылардың келмеуінен басқа, жаттықтырушы Ивайло Петев Қазақстан құрамасымен болатын матч алдында виза мәселесіне байланысты ұлттық құраманың тағы алты ойыншысына сенім арта алмайды.

Санджин Прчич, Элвис Шарич, Деннис Хадзикадунич, Дарио Джумич, Ади Налич және Юсуф Газибегович вища ала алмады

Босния және Герцеговина футбол федерациясы, әдеттегідей, біздің команданың сапарына қатысты барлық қажетті шараларды қабылдады және біздің ұлттық құраманың алты ойыншысына бірден виза берілмеуі түсініксіз жағдай. Федерация қолда бар барлық ресурстарды пайдаланды, біз тіпті УЕФА-дан көмек сұрадық, біздің қызметкерлер түннің бір уағына дейін бұл мәселенің шешімін табуға тырысты.

Барлық атқарылған жұмысқа қарамастан, біз Қазақстан Республикасының Хорватия, Босния және Герцеговина мен Черногориядағы Елшілігімен тіл табыса алмадық және біздің алдағы матчымыз аталған ойыншыларсыз өтеді», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×