Қазақстан жастар құрамасының қазан айындағы ойындарына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

07.10.2021, 01:23
Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері сырт алаңда Бельгиямен кездеседі және өз алаңында Түркияны қабылдайды.
Қазақстан жастар құрамасының қазан айындағы ойындарына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан жастар (U-21) құрамасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов қазан айындағы ойындарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Данил Устименко («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар»), Қажымұкан Төлепберген («Мактаарал»);

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен, Әлішер Әжімов («Ақтөбе»), Равиль Ибрагимов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет, Мейрамбек Қалмырза (барлығы – «Астана»), Жалғас Жақсылыков («Тараз»), Таир Нұрсеитов («Шахтер»), Нұрберген Нұрбол («Жетысу»);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев («Астана»), Андрей Ульшин, Данияр Үсенов, Арсен Буранчиев, Еркебұлан Сейдахмет (барлығы – «Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Жасұлан Қайыркенов («Атырау»);

Шабуылшылар: Вячеслав Швырев («Қайрат-Мәскеу»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Владислав Прокопенко («Астана»).

Қосалқы тізім: Владислав Саенко («Қызыл-Жар»), Нұралы Мамырбаев («Атырау»), Бекзат Кұрманбекұлы («Қайсар»), Станислав Басманов («Астана»), Дмитрий Бачек («Антекера», Испания), Иван Свиридов, Абылайхан Назымханов (екеуі де – «Шахтер»).

Естеріңізге сала кетейік, 8 қазан күні Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Бельгия құрамасымен кездеседі. Матч Левен қаласында «Ден Дрееф» стадионында өтеді.

12 қазанда Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері Түркияға қарсы ойнайды. Матч Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×