Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, бразилиялық жартылай қорғаушы Жиан Мартинс астаналық «Жеңістің» қатарын толықтырмақ.
32 жастағы футболшы өткен маусымды Израиль біріншілігінің «Ирони» командасында өткізген. Жиан Мартинс Қазақстан премьер-лигасымен жақсы таныс. Бразилиялық футболшы осыған дейін «Тараз», «Қызыл-Жар», «Оқжетпес» және «Атырау» сапында доп тепкен. Жалпы, ҚПЛ аясындағы турнирде 97 ойынға қатысып, 6 гол мен 5 ассисттің авторы атанған болатын.
«Жеңіс» ҚПЛ-2025-тің алты турынан кейін 5 ұпаймен оныншы орында келеді. Келесі турда елордалық клуб «Ақтөбені» қабылдайды. Бұл бәсеке 3-мамырға жоспарланған.