Жандос БАЙДІЛДӘ«Ел.кз» сайтының журналисі - Бірінші лектен келгендер негізінен «Бәйтерек» деген команданы құрып отыр. Олар Қазақстанның I-лигасында бұрыннан бері ойнап келе жатқан «Каспий», «Спартак» деген командаларды артқа тастап кетті. Олар небәрі 17-18 жасар жас жігіттер екендігін де ескеру керек. «Халық сөзі» газеті
- Олар, Бразилияда оқымай-ақ қазақ жерінде доп қуғандардан асып тұрғаны шамалы. Еліміздің бас командасын айтпағанның өзінде жасөспірімдер, жастар құрамасы бапкерлерінің де көзіне түсер емес."Оле Бразил" академиясының осы күні қағаз жүзінде жоқ екенін айтайық. Бұл ұжым банкротқа ұшырып, оның базасы түгел "Ботафого" футбол клубына өткен. Енді қазақ жастары жаттығып жатқан оқу орны "Ботафого-Социал" футбол академиясы деп аталады. Бразилиядағы өзге академияларға қарағанда «Ботафого Социял» футбол академиясы анағұрлым арзандау екен. Қазақстандық баспасөзде атақты, даңқты «Оле Бразил» академиясы деген сөздердің барлығы шындыққа жанаспайды. Жоғарыда айтып өтілгендей-ақ екі елдің басшылары келісімге қол қойғаннан кейін ғана бұл академия жұмыс істей бастаған. Және бұл академияның түлектері деп айтатын футболшылар әлемдік футболда аттары танылмаған.
Бұл жерде логикалық сұрақ туындайды. Егер олар Бразилияға барғанда да жасанды алаңда жаттығатын болса, 26 баланы Латын Америкасына жібергенше, оларды жаттықтырып жатқан үш бапкерді Қазақстанға шақырта салған жөн болмас па еді.Біз барған күні Ботофога академиясындағы Қазақстан командасының бас бапкері болып саналатын бразилиялық бапкер жұмыс орнында жоқ болып шықты. Жастармен бірге жаттығу жасаған бапкер жасанды алаңның кесірінен жарақат алып, ауруғанаға түсіп қалыпты. Сол бапкердің осындағы жаттықтырушыларға айтуы бойынша командадағы ең талантты футболшы ол Фарух Мирсалимбаев екен. [caption id="attachment_20293" align="aligncenter" width="480"] Фарух Мирсалимбаев[/caption] Фарух МИРСАЛИМБАЕВ «БОТОФОГО» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ШӘКІРТІ - Мен өзім Тараздан келдім. Мұнда жалпы Қазақстанның бүкіл аймағынан балалар бар. Бірақ, мен өзім Тараз футболын мақтаныш тұтамын. Исламхан Қонысбаев секілді футболшылардың алдында ел футболында атақты болған Мазбаев Нүркен секілді ойыншылар болған. Олардың барлығы жамбыл футболының мақтаныштары. Жаттығудың көбінесе техника мен тактикаға арналатынын айттық. Сонымен қатар аптасына екі-үш рет жастар ауыр атлетика залында жұмыс жасайды. Биыл 16-17 жасқа келіп жатқан жастардың сонымен қатар орта білім алуы да керек. Жаттықтырушы мен куратордың айтуынша, мұндағы білім беру әдістемесі Қазақстандағыдан шамамен 1 жылға кешігетін секілді. Өйткені, біршама уақытты қазақстандық жастар португал тілін үйренуге жұмсап алған. Мынау қазақстандық жастар орналасқан жатақхана. Бір бөлмеде 2 баладан. Жақсы жұмыс жасайтын ғаламтор мен ең керекті жағдай бар болғанымен де жалпы көрінісі аса қатты көз тұндырмайтынын да байқап тұрсыздар. Күніне үш мезгіл тамақ беріледі. Негізгі рацион күріш пен үрме-бұршақ. Цитрусты жеміс-жидектен аса қатты мәселе туындамаса, еттің аракідік қана ұсынылатыны алаңдатады. Рибейрао-Прето қаласында орналасқан «Ботофого» стадионы осы аймақтағы басты футбол ордасы. Мұнда өнер көрсететін «Ботофого» футбол клубы да Бразилия чемпионатында біршама жетістіктерге жеткен. Бұл стадионда Әлем чемпионаты кезінде Франция құрама командасы жаттығуларын жасаған. Сонымен, Бразилияда доп өнерінің тәлімін алып жатқан жастар биылғы жылдың желтоқсан айында елге оралады. Команданың негізгі бөлігі астаналық «Бәйтерек» сапына келіп қосылады. Айта кетуіміз керек, бұл топпен бірге жаттығу жасап бастаған Владислав Васильев қарағандылық «Шахтер» командасына ауысып үлгерген. Премьер-лига клубына ауысқан жас дарынның орнына Шығыс Қазақстан облысынан Аслан Сіламхан есімді тағы бір футболшы келген. P.S Аталынып өткен сандар мен фактілерден соң, жасалынған сараптамалық жұмысымның қорытындысында айта кетерім тек ұсыныс ретінде ғана болмақ. Әрине, қазақ жастарының Бразилияда жаттығып келгенінен ешкім де зардап шеккеніміз жоқ. Бірақ, осы жобаға кеткен қаржыға өзге Еуропалық мемлекеттің академиясын жалдауға болатын секілді. Мысалы, Голландия немесе Бельгия секілді көптеген елдердегі футбол академияларын қарастырып көрсек, жаман болмас еді. Мысалға мұнда жаттыққан Қытай командасы академия жұмысына көңілі толмай келісім-шартты бұзды. Олардан өзге жаттығып жатқан Бенин мемлекетінің командасына аса қатты жоғалтатын ештеңе жоқ. Өйткені, олардың қаржысын ФИФА төлеуде. Енді, келесі үшінші толқын жастарды Бразилияға емес, жақындау өзіміздің Еуропаның бір академиясына жіберуді ойластырған жөн. Және бұл жобаны бұдан былай Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігі емес Қазақстан футбол федерациясы өз құзіреттігіне алса екен деген тілек бар. Екінші толқынның футболшылары мына аймақтардан: ОҚО – 5 Тараз – 4 Ақтау – 4 Талдықорған -2 Атырау – 2 Қарағанды -2 Астана - 1 Алматы - 1 Қостанай – 1 ШҚО – 1
Ермұхамед МӘУЛЕН
Біздің серіктес: FONBET