Бразилиядағы ең үлкен стадионға Пеленің есімі берілмек

11.03.2021, 22:14
«Маракана» - Бразилия құрамасының негізгі стадионы
Бразилиядағы ең үлкен стадионға Пеленің есімі берілмек

Рио-де-Жанейрода орналасқан "Маракана" стадионы аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеленің құрметіне өзгертіледі, деп хабарлайды Sky Sports.

Дереккөздің хабарлауынша, стадион "Эдсон Арантис до Насименто - Король Пеле" деп аталатын болады. Мұндай шешімді Рио-де-Жанейроның заң шығарушы органы кеше, 9 наурызда өткен дауыс беруден кейін қабылдады. Стадион жанында орналасқан спорт кешені бұрынғы атауын сақтап қалады деген ақпарат бар. Айта кетейік, "Маракана" стадионы 1950 жылы ашылған.

Пеле Бразилия құрамасында 1957-1971 жылдар аралығында ойнады. Пеле - үш рет әлем чемпионы атанған (1958, 1962, 1970) жалғыз футболшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×