Еркебұлан Сейдахмет «Қайратпен» келісім-шартын ұзартты

11.03.2021, 23:17
Еркебұлан ойын нөмірін де ауыстырды.
Еркебұлан Сейдахмет «Қайратпен» келісім-шартын ұзартты

Алматылық "Қайрат" 21 жастағы шабуылшы Еркебұлан Сейдахметпен келісім-шартты ұзартқанын мәлімдеді.

Жаңа келісім-шарт 2022 жылдың соңына дейін есептелген. Келісімді тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Ойыншы 28 нөмірмен ойнайтын болады, соңғы рет бұл нөмірмен 2016 жылдан 2018 жылға дейін Андрей Аршавин өнер көрсеткен еді.

Айта кетейік, Еркебұлан "Қайрат" сапына 2019 жылы ауысып келді. Жалпы алматылық клуб сапында 15 матч өткізіп, 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Сейдахмет өткен маусымның екінші бөлігінде "Жетісуға" жалға берілген болатын. Талдықорғандық клуб жейдесінде небәрі 6 матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×