«Брентфорд» ағылшын премьер лигасында

Футбол отанына саяхаттай отырып, 1887 жылы құрылған футбол клубы жайлы мәлімет аламыз.
«Брентфорд» ағылшын премьер лигасында

Лондон қаласынан ілгері жатқан Ханслоу қаласы. Тар көшелермен сусып өтіп жатқан екі қабатты қызыл автобус дорбасын асынған, шаруаларына асыққан адамдарды аялдама сайын өзімен алып кетуде. Метр сайын мен-мендеп тұрған дүкендер көздің жауын алады. Осының бәрі нағыз ағылшындық калорит демеске болмас. Ұлыбритания астанасының батысында белең алған Ханслоу қаласының танымал жерлері баршылық. Солардың біріне тоқталмай өтсем менің тарапымнан кеткен қателік деп санаймын. Чизуик хай роад көшесіндегі Ганнерсбери Парк күйбең тіршіліктен демалуға арналған таптырмас орын. Жасыл желек жүйкеге тыныштық силап бойыңа күш қуат береді. Салынған жолдың сарынымен жүріп келе жатсаңыз алдыңыздан зәулім ақ сарай шыға келеді. Бұл сарай Ротшильд әулетінің бұрынғы сарайы. Қазірде бұл ғимарат мұражайға айналыпты. Мұражай ішінде сан мың жылдық тарихынан сыр шертетін экспозияциялар келушінің рухани азық алып қайтуына кепілдік береді. Дәл сол саябақтың маңында "Брентфорд Коммьюнити" стадионы тұр.

Бұл стадион аты айтып тұрғандай "Брентфорд" футбол клубының спорттық ғимараты. 2018 жылы бастау алып, 2020 жылы қолданысқа берілген стадион "Брентфорд" футбол клубының Ағылшын премьер лигасына жолдама алуына үлкен себепкер болды. Су жаңа 18 мыңға жуық жанкүйерді сидыра алатын "Брентфорд Коммьюнити" "Брентфорд" жеңістеріне сеп болды. Айтпақшы, "аралар" Чемпионшипте үздік үштікте тұрақтап, плей-офф бәсекелерінің арқасында премьер лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. "Брентфорд" лақап атының "аралар" аталып кетуі кездейсоқ қызықты жағдай. 1895 жылы өз аланыңда "Брентфорд" ойын өткізіп жатқан кезі екен. Стадион трибуналарына жиналған бір топ жанкүйер pick up the fifth деп айқай салыпты. Ақпарат пен халықтын арасындағы алтын көпірдің негізін салушы БАҚ өкілдері pick up the fifth сөзін pick up the bees деп естіп газет бетіне мақала ретінде жариялапты. Pick up the fifth сөзінің аудармасы бестікке көтеріліндер деген мағынаны білдіреді. Осылайша БАҚ өкілдерінің қателігі "Брентфорд" футбол клубының "аралар" аталып кетуіне себепкер болды.

Клуб құрылған уақытынан бастап ең төменгі дивизионнын табалдырығын тоздырып келеді. Ұзақ уақытқа дейін чемпионшипте тұрақтаған "Брентфорд" командасының жағдайы қазірде жақсы. Су жаңа стадион, құрамға танымал ойыншылар қеліп, қаржылық тоқырауға ұшырап жатқан жоқ. Ағылшын премьер лигасында 3 турдың қорытындысы бойынша "Брентфорд" 5 ұпай еншіледі. Бұл премьер лигаға қайта оралған "Норвич", "Уотфорд" командаларының ойын нәтижелеріне қарағанда едәуір жоғары. Ендігі кездесуін аралар 11 қыркүйек күні "Брайтон" футбол клубына қарсы өткізбек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×