Қазақстан жастар құрамасы Данияға есе жіберді

08.09.2021, 03:02
Жастарымыз бірінші таймдағы жүз пайыздық мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Қазақстан жастар құрамасы Данияға есе жіберді

Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Даниядан жеңіліп қалды. «Астана Аренада» өткен матч 0:1 есебімен аяқталды.

Ойын бастала салысымен жастарымыз шабуылға лап қойды. Жұмабек, Кеңесов, Астанов секілді ойыншыларда гол соғатын керемет мүмкіндіктер болды. Ал екінші таймда қонақтар ойын тізгінін өз қолдарына алды. 74-минутта сары қағаз алған Сағи Совет екі минуттан кейін алаңнан қуылды. Мұны пайдаланған Дания жастары араға бір минут салып есепте алға шықты. Жеңісті голдың авторы - Виллиам Вик.

Іріктеу кезеңінде екі ойын өткізген Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері «І» тобында төртінші орынға табан тіреді (0 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×