Бруно Фернандеш қатарынан екінші рет Премьер-лигадағы айдың үздік ойыншысы

10.07.2020, 22:23
Бұл маусым айының көрсеткіші. Ал осы айда өткізген екі ойынын есептейтін болсақ, қатарынан үшінші мәрте бұл атақты жеңіп алу мүмкіндігі бар.
Бруно Фернандеш қатарынан екінші рет Премьер-лигадағы айдың үздік ойыншысы

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруно Фернандеш тағы да Англия Премьер-лигасындағы айдың үздік ойыншысы атанды.

Маусымдағы дауыс беруде 25 жастағы португалдық «Вулверхэмптон» қорғаушысы Конор Коуди мен оның командалас шабуылшысы Рауль Хименес, «Саутгемптон» шабуылшысы Дэнни Ингс, «Ньюкасл Юнайтед» жартылай қорғаушысы Аллан Сент-Максимен және өзінің шабуылдағы серіктесі Антони Марсьялдан алда болды.

Фернандеш үшін бұл сыйлық қатарынан екінші мәрте болды. Коронавирустық пандемияға байланысты үзіліске дейін ол ақпан айының қорытындысы бойынша марапатталды - Англия чемпионатындағы алғашқы айы.

«Қызыл сойқандардың» жартылай қорғаушысы бұл марапатты қатарынан екі рет алған Премьер-лигадағы жетінші ойыншы болды. Бұған дейін Мохамед Салах, Джейми Варди, Харри Кейн, Криштиану Роналду, Деннис Бергкамп және Робби Фаулер екі рет қатарынан айдың үздік ойыншысы атағын алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×