Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребе тастау нәтижелері белгілі болды

10.07.2020, 22:09
Чемпиондар Лигасы 7 тамызда өз жалғасын табады.
Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребе тастау нәтижелері белгілі болды

Бүгін, 10 шілдеде УЕФА-ның Ньондағы (Швейцария) штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымының 1/4 финалына жеребе тасталды.

Нәтижелер:

"Реал Мадрид" (Испания) / "Манчестер Сити" (Англия) - "Лион" (Франция) / "Ювентус" (Италия)

"РБ Лейпциг" (Германия) - "Атлетико" (Испания)

"Наполи" (Италия) / "Барселона" (Испания) - "Челси" (Англия) / "Бавария"(Германия)

"Аталанта" (Италия) - "Пари Сен-Жермен" (Франция)

Естеріңізге сала кетейік, турнир наурызда коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылды. Кейін оны тамыз айында ойнау туралы шешім қабылданды. Ширек финалдан бастап матчтар Лиссабонда бір матчтық форматта өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×