Буффон тарихтағы үздік қақпашы атанды

03.01.2021, 17:23
Буффон аты аңызға айналған Лев Яшинді артқа тастады.
Буффон тарихтағы үздік қақпашы атанды

Италиялық La Gazzetta dello Sport басылымы сауалнама жүргізіп, онда 18 елдің 18 танымал қақпашыларының арасынан үздік қақпашысын таңдауды сұрады.

"Ювентус" қақпашысы Джанлуиджи Буффон үздік деп танылды - Италия құрамасының ойыншысы жеті дауыс жинады. Оның артында аты аңызға айналған кеңестік қақпашы Лев Яшин бес дауысқа ие болды. Сауалнаманың алғашқы үштігін италиялық Дино Дзофф екі дауыспен түйіндеді. Гордон Бэнкс, Икер Касильяс, Зепп Майер, Ладислао Мазуркевич, Рожерио Сени, Клаудио Таффарел және Петер Шмейхель секілді қақпашылар бір-бір дауысқа ие болды.

Еске салайық, Лев Яшин - қақпашылар арасындағы "Алтын доп" сыйлығының жалғыз иегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×