«Жетісу» мен «Атырау» қазақстандық шабуылшы үшін таласып көрмек

03.01.2021, 16:42
Шабуылшыға «Қайсардан» орын табылмады.
«Жетісу» мен «Атырау» қазақстандық шабуылшы үшін таласып көрмек

Талдықорғандық "Жетісу" мен "Атырау" 27 жастағы қазақстандық шабуылшы Елжас Алтынбековке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Өткен жазда шабуылшы "Қайсармен" келісімшартқа отырды, бірақ Премьер-лигада тек төрт матч өткізіп, бір гол соқты. Сондай-ақ, ол "Байқоңыр" үшін Бірінші лигада бір кездесу өткізді.

Алтынбеков "Жетісуға" қайта орауы мүмкін, ол бұл клуб үшін 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін ойнады. Сонымен қатар, футболшыға Премьер-лигаға оралған "Атырау" да қызығушылық танытуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×