Илья Ильин Бауыржан Исламханның беделі үшін күресте ҚФФ-ны қолдады

03.01.2021, 02:52
Ильяның өзі де кезінде допинг дауына ұшыраған еді.
Илья Ильин Бауыржан Исламханның беделі үшін күресте ҚФФ-ны қолдады

Кәсіби спорт әлемінде кең танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин әділдік үшін күресте Қазақстан футбол федерациясы мен Бауыржан Исламханды қолдайтынын мәлімдеді.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны сияқты, Илья Ильинге де допинг қабылдады деген айып тағылған еді. Алайда, спортшы бұл шешімге шағым түсіріп, ақиқаттың соңына дейін жетуді қалайды.

Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы және бірнеше Олимпиаданың қаһарманы Қазақстан футбол үйін аралап, жерлестерінің қолдауының арқасында әділдік орнайды деген нық сенімін білдірді.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×