Почеттино ПСЖ бас бапкері атанды

03.01.2021, 02:11
Ресми түрде.
Почеттино ПСЖ бас бапкері атанды

“Пари Сен-Жермен” клубының бас бапкері болып аргентиналық маман Маурисио Почеттино тағайындалды.

Почеттино жақында ғана жұмысынан босатылған Томас Тухельдің орнын басты. Маурисио 2019 жылдың қарашасында “Тоттенхэмнен” кеткелі жұмыс жүрген еді. “Тоттенхэмге” дейін “Эспаньол” және “Саутгемптон” клубтарын жаттықтырған. Сонымен қатар 2001-2003 жылдар аралығында ПСЖ сапында ойыншы ретінде өнер көрсеткен.

Париждіктер Франция чемпионатының 17 турынан кейін 35 ұпай еншілеп, үшінші орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×