Бүгін Өзбекстан Әлем чемпионатына шығуы мүмкін

05.06.2025, 11:51

Тарихи жетістікке жету үшін өзбекстандықтарға Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) жеңілмесе жеткілікті.

Бүгін Өзбекстан Әлем чемпионатына шығуы мүмкін
Өзбекстан құрамасының футболшылары

Алайда жанкүйерлерге бұл қуанышты сәттің куәсі болу біраз қиындық тудырып жатыр. Себебі Дубайда болған соңғы оқиғаларға байланысты Өзбекстан азаматтарына қатысты бірқатар шектеу енгізілген. Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарына матчқа барудан бас тартуға кеңес беріп, стадионға футбол атрибутикасын алып кіруге тыйым салды.

«БАӘ әуежайларындағы қауіпсіздік қызметтері шектеу шараларын енгізіп жатыр. Тіпті Өзбекстан азаматтары елден депортациялануы мүмкін. Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында матч өтетін кезеңде БАӘ-ге топтық туристік сапарларды ұйымдастыру мен жарнамалаудан уақытша бас тарту ұсынылады», - делінген Өзбекстан СІМ мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Дубайда Өзбекстаннан шыққан екі қылмыстық топ арасында қақтығыс болып, салдарынан олардың бірі пышақталып көз жұмды. Осы оқиғадан кейін 15 адам тұтқындалған болатын. Өзбекстан үшін аса маңызды матч бүгін Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×