Дастан Сәтпаевтың дебюті, құраманың жаңаруы: Қазақстан жастары Андорраны жеңе ала ма?

05.06.2025, 12:41

Бүгін 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы ЕУРО-2027 турнирінің іріктеу кезеңін Андорраға қарсы бастайды.

Дастан Сәтпаевтың дебюті, құраманың жаңаруы: Қазақстан жастары Андорраны жеңе ала ма?

Бас бапкер Денис Мамонов алдағы ойынға шақырылған құрамға үлкен өзгеріс жасап, ойын тәжірибесі көп футболшыларға басымдық бергенін айтты.

Тізімге көз жүгіртсек, 25 футболшының тек 8-і ғана бұған дейін 21 жасқа дейінгі ұлттық құрамада жасыл алаңға шыққан. Олардың қатарында қорғаушылар Александр Мрынский, Сұлтан Асқаров; жартылай қорғаушылар Олжас Байбек, Нұралы Жақсылық, Мұхаммед Еңсебаев, Давид Есімбеков; шабуылшылар Ян Труфанов, Артем Литош ғана бар. Тізімге енбесе де, ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев 16 жастағы Дастан Сәтпаевтың Андорраға қарсы ойнауы мүмкін екендігін жасырмады. Дастан Сәтпаев бұған дейін былтыр 17 жасқа дейінгі құрамда өнер көрсетіп, Косово (4:4) қақпасына әдемі гол соққан еді. Сондай-ақ, бүгін қақпашыларымыздың бірі де алғаш рет дебют жасамақ.

Ойын уақыты жағынан барлық футболшылардың чемпионаттағы уақыты жеткілікті болды ма?

Жастардың арасынан Дастан Сәтпаевтың өзгелерден шоқтығы жоғары болып тұр. Ол маусым барысында 15 ойынға қатысып, 9 гол және 2 нәтижелі пас берген. Шабуыл шебінде «Оңтүстік» клубының шабуылшысы, 21 жастағы Мағжан Тоқтыбай да мамыр айында 4 гол соққан. Премьер-лигадан Глеб Валгушев («Қызылжар»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу») жеткілікті уақыт алды.

Қандай мәселе бар?

Біріншіден, қақпа бағанасын қорғауға шақырылған Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихардтың («Ертіс») чемпионатта өздерін көрсетуге мүлдем уақыт алмаған. Бұл әлсіз болса да, Андорра тарапынан гол өткізіп алуға себеп болуы мүмкін.

Екіншіден, құрамның толықтай жаңартылуы өзара түсініспеушілікке әкеліп соғуына ықтимал. Сондықтан Қазақстан жастар құрамасы ірі жеңіске жетпеуі ықтимал.

Қазақстан өз алаңында қалай ойнайды?

2024 жылғы Қазақстанның құрамы көпшілікке жақсы әсер қалдырды. Өз алаңында Шотландия (3:2), Мальтаны (4:1) жеңіп, сырт алаңда Испанияға (3:4) жалынды қарсылық көрсете білді.

Ал Андорра кейінгі былтырғы іріктеуде жеңіске жетпесе де, Беларусьпен екі рет және Фарер аралдарымен тең түсті. Бір қызығы, Қазақстан өткен іріктеуде қақпаларына 24 гол өткізсе, Андорра 16 гол ғана жіберген. Азулы деген Португалия мен Хорватияның өзі 3 голдан артық салмаған. Кәрі құрлықтың басты аутсайдері болса да, қарсылас қақпасынан 4 мәрте саңылау тауып үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×