Бүгін түнде Чемпиондар лигасынан не күтеміз?

23.11.2010, 19:00
Бүгін түнде Чемпиондар лигасынан не күтеміз?
Өткен жолы біз Еуропының белді чемпионаттарына болжам берген болатынбыз. Оның қорытындысы біз күткендей-ақ жақсы нәтиже берді. Енді маманымыздың бүгін түнде болатын Чемпиондар Лигасының матчтарына берген пікірін ұсынамыз. Сонымен, «Е» тобынан бастайық. Бұл топта Италияның «Ромасы» немістің «Бавариясын» қабылдайды. Мюнхендіктер әлдеқашан плэй-оффқа жолдама алып қойған, ал римдік клубқа жеңіс ауадай қажет. Топтағы 4 ойынан кейін немістер 12 ұпаймен бірінші орында, ал италияндықтар 6 ұпаймен әзірге екінші орында келе  жатыр. Чемпиондар лигасы дәрежесі жоғары турнир және әр жеңіс клуб қазынасына әжептеуір қаржы әкелетінін де естен шығармаған жөн. Дегенмен де, «Рома» футболшыларының мотивациясы жоғарырақ және олар өз жанкүйерлерінің алдында барын салатыны анық, ал мюнхендік футболшылар ойын үстінде топтағы жағдайды естен шығарып, барын салып ойнайтынына мен күмәнданамын. «Бавария» аз күш жұмсап керекті нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Менің ойымша римдіктер жеңіске жетуі тиіс, 2:1. Ал бұл топтағы екінші кездесуде швейцарияның «Базелі» румынияның «ЧФР» командасын қабылдайды. Екеуінің де қоржынында 3 ұпай бар және келесі кезеңге өту мүмкіндігінен айырылмас үшін тек қана жеңіс қажет. Алғашқы кездесуде румындықтар 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Болжамым бұл жолы тең түседі 2:2. 1 БАВАРИЯ 4          4          0          0          11-3    12 2   РОМА                  4          2          0          2          6-8      6 3   ЧФР                      4          1          0          3          5-10    3 4   БАЗЕЛЬ               4          1          0          3          7-8      3 Қалған кездесулер: 8 желтоқсан Бавария - Базель ЧФР - Рома «F» тобындағы екінші жолдаманың тағдыры Мәскеуде «Спартак» пен «Марсель» арасындағы кездесуде шешіледі, ал бірінші жолдама «Челсиде». Лондондық клуб әзірге бір ұпайы да жоқ словакияның «Жилинасын» қабылдайды және бұл ойынға К.Анчелотти негізгі құрамға ілінбей жүрген футболшыларға мүмкіндік берері анық. Олардың бас бапкерге өздерін көрсету үшін тырысып ойнайтынын ескеріп, мен «Челсидің» жеңісіне шүбә келтірмеймін, 2:0. Енді "Лужникиде" өтетін кездесуге оралсақ, француздарға тек жеңіс қажет, ал егер тең түссе «Спартак» плэй-оффқа біртабан жақындайды. Соңғы турда «Марсель» «Челсиді» қабылдайтынын, ал «Спартак» «Жилинамен» кездесетінін ескеру қажет. Менің ойымша «Марсель» жеңіске жетеді 2:0. 1 ЧЕЛСИ 4          4          0          0          12-2    12 2   СПАРТАК           4          2          0          2          5-6      6 3   МАРСЕЛЬ           4          2          0          2          8-3      6 4   ЖИЛИНА            4          0          0          4          1-15    0 Қалған кездесулер: 8 желтоқсан        Жилина - Спартак Марсель - Челси Мадридтің «Реалы» «G» тобынан келесі кезеңге өткен бірінші команда, ал екінші жолдама иегері Францияда өтетін «Осер» мен «Милан» кездесуінен кейін белгілі болуы мүмкін, егер миландықтар жеңіп жатса. Ал егер француздар жеңсе, онда бұл топтағы жағдай шиеленісіп кетеді. «Реал» Амстердамда «Аякстан» жеңіледі дегенге сену қиын, сондықтан Франциядағы кездесудің маңызы зор. Сонымен «Аякс» – «Реал» 0:3, «Осер» – «Милан» 1:2. 1 РЕАЛ 4          3          1          0          7-2      10 2 МИЛАН             4          1          2          1          5-5      5 3 АЯКС                  4          1          1          2          4-6      4 4 ОСЕР                   4          1          0          3          3-6      3 Қалған кездесулер: 8 желтоқсан        Реал Мадрид - Осер Милан - Аякс «Н» тобында «Арсенал» мен «Шахтер» осы турда жолдаманы қалталарына салуы әбден мүмкін. Португалияның «Брагасында» теория жүзінде келесі кезеңге өту мүмкіндігі бар, ол үшін олар қалған екі кездесуде жеңіске жетіп қана қоймай, қарсыластары «Партизанмен» ұпай жоғалтуы тиіс немесе өздері «Арсеналды» 7:0 есебімен, болмаса «Шахтерді» 4:0 есебімен ойсырата жеңуі керек. Ондай фантастикадан жақын нәрседен жерге түсіп, қисынға келетін жорамалымызды жасасақ, «Брага» – «Арсенал» 0:2, «Партизан» – «Шахтер» 1:1. 1   АРСЕНАЛ                       4          3          0          1          15-4    9 2   ШАХТЕР                         4          3          0          1          7-6      9 3   БРАГА                             4          2          0          2          3-9      6 4   ПАРТИЗАН                    4          0          0          4          1-7      0 Қалған кездесулер: 8 желтоқсан        Арсенал - Партизан Шахтер - Брага
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×