Италия футбол федерациясы бүгін, яғни 21 сәуірге жоспарланған Серия А-ның барлық матчтарын Рим Папасының қайтыс болуына байланысты кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.
Футбол әлемі ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық Папаның өмірден озуына байланысты қайғыға ортақтасуда. Бұл оқиға Италияда ұлттық деңгейдегі аза тұту кезеңінің жариялануына себеп болды. Осыған байланысты елдің мәдени және спорттық іс-шаралары уақытша тоқтатылып отыр.
Серия А басшылығы мен клубтар Папаға құрмет көрсетіп, бүгінгі ойындарды кейінге шегеру туралы ортақ шешімге келді. Жаңа ойын кестесі жақын күндері жарияланады.
Айболат Өнер