Букмекерлер Чемпиондар Лигасының фаворитін анықтады

13.06.2020, 21:23
Осы маусымдағы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы кім болмақ?
Букмекерлер Чемпиондар Лигасының фаворитін анықтады

Еуропа ақпарат құралдарының хабарлауынша, УЕФА Чемпиондар лигасын аяқтау туралы шешім қабылдады. 1/8 финалдың матчтары жоспарланған түрде өтеді, содан кейін бізді Лиссабондағы «Финалдық сегіздік» күтеді.

Букмекерлер турнирдің фаворитін атады. Сарапшылардың пікірінше, турнирдің фавориті - Мюнхендік <<Бавария>>. Неміс клубының жеңісіне 3,40 коэффициентімен бәс тігуге болады. Бавариялықтар ширек финалға жолдаманы әлі алған жоқ, бірақ олар 1/8 финалдың алғашқы ойынында «Челсиді» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

<<Манчестер Ситиге>> 4.00-ге ставка қоюға болады. Ағылшындар 1/8 финалдағы алғашқы ойында <<Реал Мадридті>> 2:1 есебімен жеңді.

<<ПСЖ мүмкіндіктерін>> сарапшылар 6.50-ге бағалады. Париждіктердің Лиссабонға билеті бар.

<<Барселонаға>> 7.00 коэффициентімен ставка қоюға болады. Каталондықтар бірінші кездесуін «Наполиға» қарсы өткізді.

«Атлетико Мадрид» мен «РБ Лейпциг» Чемпиондар Лигасын жеңеді дегенге 13 коэффициент беріп тұр. Бұл екі команда да ширек финалға шықты.

<<Лионнан>> 0:1 есебімен жеңілген «Ювентусқа» 17 коэффициент беріп тұр.

Лиссабонға билет алып қойған <<Аталанта>> мүмкіндігін букмекерлер 21.00 коэффициентімен бағалады.

<<Реал Мадридтің>> жеңісі 36 коэффициентпен бағаланды.

1/8 финалдың алғашқы матчтарының оң нәтижелеріне қарамастан, мамандар <<Наполи>> мен <<Лионға>> сенбейді. Осы клубтардың жеңісіне 81.00 коэффициент беріп тұр.

Соңында, сарапшылар <<Челсидің>> сәттілік ықтималдығын 501.00 коэффициентпен бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×