Букмекерлік кеңсе - баяу өлім

26.11.2014, 23:47
Букмекерлік кеңсе - баяу өлім
букмекерскаяАлаш айнасынан Серік Ысқақов есімді азаматтың "Букмекерлік кеңсенің арқасында шалқып жүрмін..."-деген мақаласын оқып аң-таң болып отырмын. Шынымды айсам бұл мақаланы жариялаудың мақсатын түсіне алмадым. Букмекерлік ойындарды жарнамалау ма?! Әлде басқа ма?! Әңгіменің қысқаша мағынасы мынадай, Серік есімді жігіт футбол ойындарына барып жүріп, букмекерлерге ақша тігуді үйреніп алады. Ұтып алған алғашқы қаражатқа мәз болып, жұмысынан шығып, құмар ойынның соңынан қуады. Табысқа кенелемін деген үмітте..... Енді, бұл ойынға түсініктеме беріп өтсем. Біріншіден букмекерлік ойындар-құмар ойын болып табылады. Француз Пьер Олер ойлап тапқан ойын бүгінде Еуропа елдерінде жоқтың қасы. Ресми түрде Тек Англияда аталмыш ойынға бәс тігуге рұқсат етілген. Еуропа елдері букмекерлік ойындар тиімді болса баяғыда ақ дамытып, әр үйге бір-бір кеңсе ашып қояр еді. Ойынның қауіптілігінен қорыққандықтан батыста бұл ойындарға қатаң тиым салынған. Жер бетінде алты миллиярд адам бар болса соның не бәрі оны ғана букмекерлерік кеңселерден миллиондарды ұтуы мүмкін. Бүгінде ит жарысымен ат жарыстарына бәс көп тігіледі. Ал, бұл ойындарда кімнің жеңерін дәл табу мүмкіндігі жоқтың қасы. Бір сөзбен айтқанда букмекерлік кеңсе казиноның бір түрі. Бұндада сол ақша тігіледі, жеңімпаздың кім болары белгісіз. Елімізде «Олимп» букмекерлік кеңсесінің 184 нысаны бар көрінеді. Одан басқа «Зенит», «Betcity», «Гол+Пас», «Tennisi», «MegaBet», «Profit» деген сияқтылары өз филиалдарын бірінен бірі қалыспай жарыса ашуда. Бұл клубтар 70-30 немесе 80-20 шартымен жұмыс істейді. Яғыни, келушілерге күндік табыстың жиырма пайызы немесе отыз пайызы ғана жеңіске беріледі. Қалған жағдайларда келушілер соңғы ақшаларына дейін букмекерден шықпайды. Ірі ойындарда, мәселен футболдан әлем чемпионаттары кезінде букмекерлер ірі жеңілістің алдын алу үшін не бір қитұрқы саясатты қолданады. Бір сөзбен айтқанда ақшадан ұтылмаудың барлық амал-шарттары қарастырылған. Бұл ойында жеңіп кейін қойып кеткендердің де саны жоқтың қасы. Себебі, құмар ойындар лудомания деп аталатын психологиялық дерт. Бір ойнаған адам, екінші рет келгісі келіп, делебесі қозып тұрады. Бір ғана мысал келтіре кетейін. Алматыда букмегерге басы бүтін байланған біраз азаматтар бар. Солардың бірі жақын досым. Шоу бизнесте кәдімгідей танымал азамат. Ойынға тәуелді болмас бұрын, жағдайын жасап, көлігін алып, үй сатып алды алып шаһардан. Ақшаның буы ма әйтеуір кейіннен бұл жігіт букмеркерге бас сұғуды шығарды. Екі жыл өтпей үйін кепілге қойып кредит алды, кредиттің ақшасын ойынға салды. Қазір тіпті көшеге шыға алмайды, қарызы көп. Осылайша атпал азаматтарымыз азарттың астында қалуда. Құмар ойын ошақтарымен күрескеннің орнынан оны тәтті қылып жарнамалаудың қажеті шамалы. Бұл есірткі, баяу өлім!

Ерқанат КӨПЖАСАРҰЛЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×