ФИФА әлемнің үздік қорғаушыларын атады

27.11.2014, 03:08
ФИФА әлемнің үздік қорғаушыларын атады
Фифа әлемнің үздік 20 қорғаушысын атады. Осы аталған 20 қорғаушының ішінен ең үздік 4 қорғаушы дауыс беру кезінде іріктеліп алынып жылдың үздік командасының құрамына енетін болады. Әлемнің үздік командасы әлемнің 70 елінен 45 000 футболшының дауыс беру қорытындысы бойынша айқындалатын болады. Командаға қақпашы, 4 қорғаушы, 3 жартылай қорғаушы және 3 шабуылша енетін болады. Яғни, 4-3-3 түрінде. 20 үздік қорғаушының тізімде 3 әлем чемпионы-Джером Боатенг, Матс Хуммельс, Филип Лам бар. Ал, тізімдегі қорғаушылардың көбі Бразилия елінен екен. Дани Алвес, Давид Луис, Фелипе Луис, Марсело, Тьяго Сильва. ФИФА тізіміне енген барлық қорғаушылар Еуропаның бүгінгі таңдағы үздік деп танылатын Англия, Испания, Италия және Франция чемпионаттарынан екен. Сонымен, 20 үздік қорғаушының есімдері: Давид Алаба (Австрия, "Бавария")
Жорди Альба (Испания, "Барселона")
Дани Алвес (Бразилия, "Барселона")
Джером Боатенг (Германия, "Бавария")
Даниэль Карвахал (Испания, "Реал")
Давид Луис (Бразилия, "ПСЖ")
Филипе Луис (Бразилия, "Челси")
Диего Годин (Уругвай, "Атлетико")
Матс Хуммельс (Германия, "Боруссия" Д)
Бранислав Иванович (Сербия, "Челси")
Венсан Компани (Бельгия, "Манчестер Сити")
Филипп Лам (Германия, "Бавария")
Марсело (Бразилия, "Реал")
Хавьер Маскерано (Аргентина, "Барселона")
Пепе (Португалия, "Реал")
Жерар Пике (Испания, "Барселона")
Серхио Рамос (Испания, "Реал")
Тьяго Силва (Бразилия, "ПСЖ")
Рафаэль Варан (Франция, "Реал")
Пабло Сабалета (Аргентина, "Манчестер Сити") Ал үздік жартылай қорғаушылар 28-ші қараша күні, үздік шабуылшылар 1-ші желтоқсан күні анықталатын болады. Ал, 2014 жылдың үздік командасының тізіміне қандай 11 футболшы енгенін 12 қаңтар күні білетін боламыз.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×